Там 03, 2021 15:29 Asia/Almaty

Иранның жаңа президенті: «Имам Хомейни (р) мен Ислам революциясы жетекшісінің нұсқауларына көңіл аудару елдің дамуы мен айбынының артуына себеп болады»,-деп қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің хабарлауынша, Иранның жаңа президенті сейіт Ибраһим Раиси сәрсенбі күні ИИР президентін растау рәсімінде: «Діни демократияның арайлы таңы 40 жылдан аса уақыт бұрын осы елде жоғары мәртебелі имам Хомейнидің (р.) жетекшілігімен және жауапкершілігі  мол халықтың қолдауымен атты»,-деді.

Иранның жаңа президенті халық, саясаткерлер мен жауапты тұлғалардың осы 40 жылда демократияның орнауына көп талпыныс жасағанын айтып: «Осы 40 жылда имам Хомейни (р) мен Ислам революциясы жетекшісінің нұсқауларына және жүйенің саясаттарына көңіл аударылған барлық салалар дамып, айбыны мен беделі артты»,-деді.

Раиси: «Жаңа басқару моделі әлемге ұсынылды. Бұл жүйеде дін дүние ісімен қатар, ғылым ақлақпен бірге, әділет дамумен қатар, қадір-қасиет әл-ауқатпен бірге әлемге таныстырылды»,-деді.

Раиси: «Бюджет тапшылығы, қор нарығының тұрақтылығы, қымбатшылық пен инфляцияны бақылау, коронавируспен күресу және басқа да мәселелердің бары анық. Олардың шешу жолдары да ойластырылған»,-деді.

Иранның жаңа президенті: «Санкцияларды жоюға талпынамыз, бірақ халықтың дастарханын бөгделерге тәуелді етпейміз»,-деп еске салды.