Шіл 26, 2021 17:56 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің СІМ-нің қызметкері Иранға барды деген айыппен қамауға алынды

Израильдің ақпарат құралдары жексенбі күні осы режим СІМ-нің жанындағы университет студентінің Иранға заңсыз сапар шегіп, тыңшылық жасады деген айыппен қамауға алынғанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, The Times of Israel газеті қамауға алынған студентті Израиль СІМ-не қызметке алынған адам деп атап: «Ол шамамен 20 жаста. Бұл сапарда Иранның барлау қызметкерлерімен байланыста болған»,-деп уәж айтты.

Ал осы студенттің адвокаты оның Иранға туристік сапарға барғанын, бұл саяхаттың құпия болмағанын, оның жанұясы мен достары хабардар болғанын айтты.

Тегтер