Шіл 31, 2021 20:37 Asia/Almaty
  • ДАИШ америкалық сценарийлерді орындау үшін Иракта шабуылдарын жалғастыруда

Ирак ақпарат құралдары жұма күні кешке ДАИШ лаңкестік тобының елдің солтүстігіндегі Салахеддин облысының оңтүстігінде Ясреб қаласында өтіп жатқан жерлеу рәсіміне шабуыл жасап, соның салдарынан 7 адам қаза тауып, 17 адамның жарақат алғанын хабарлады.

Шабуылдан кейін Ирактың қауіпсіздік күштері осы лаңкестік əрекетті жасаушыларды тауып, тұтқынға алу амалдарын бастады. Хашд əш-Шаби ұйымы да өз мəлімдемесінде: "Өңірдегі қауіпсіздік күштеріне қолдау көрсету үшін осы өңірге өз күштеріміз бен қару-жарақтарымызды жібердік",-деп мәлімдеді. ДАИШ-тың осы лаңкестік əрекетіне қатысты бірнеше жайтқа көңіл аудару қажет.

Біріншіден, ДАИШ Иракта жеңіліске ұшырағанымен оның мүшелері елдің түрлі өңірлерінде орналасып, халық пен мемлекеттік мекемелерге қарсы лаңкестік əрекеттер жасауды жалғастырып жатыр.

Екіншіден,  кейбір отандық және шетелдік ақпарат құралдары Хашд əш-Шаби күштеріне қарсы ауқымды үгіт-насихат жүргізгеніне қарамастан, бұл ұйым лаңкестік топтармен күресте Ирак халқы мен мемлекеттік мекемелеріне қолдау көрсетіп отырған басты күш ретінде қызмет атқарып жатыр. Осы тұрғыдан халықтың басты сүйеніші саналады. 

Үшіншіден, ДАИШ лаңкестік тобының қайта бас көтеріп, əскери құрал-жабдықтарды пайдаланып шабуылдарын жалғастыруы оған кейбір аймақтық және əлемдік елдер тарапынан қолдау білдіріліп отырғанын көрсетеді. Яғни бұл лаңкестік топ əлі күнге дейін Иракта бүлік пен былық шығаруға қажетті тетік ретінде қолданылады. Оның демеушілері қажет болған жағдайда лаңкестерді  Ирактың түрлі өңірлеріне немесе бұл елден басқа елдерге тасымалдайды.

Төртіншіден, америкалық күштер аймақ елдері, соның ішінде Ирактан шығарылуы керек. Ирак Премьер-министрі Мұстафа əл-Каземи АҚШ-қа жуырдағы сапарында: "АҚШ-тың əскери күштері 2021 жылдың соңына дейін өз еліне қайтады",-деп мәлімдеді. АҚШ-тың бұл ұстанымы - осы елде Вашингтонға жəне Ирак үкіметіне қарсы жасалып отырған кейбір қысымдардың нәтижесі. Яғни сайлауға жақындаған сайын америкалықтар əл-Каземиге қысымды азайтуды көздейді. Осы негізде сайлауға жақындаған сайын бұл елде лаңкестік шабуылдар көбейеді деп күтуге болады. Сонда Ирак парламентінің қаулысына қарамастан АҚШ осы елде қалып, əл-Каземи үкіметіне қарсы қысымдарды азайтуға қажетті сылтауға ие болады. 

Бесіншіден, Иракта парламенттік сайлау өткізу уақыты жақындаған сайын лаңкестік шабуылдар күшейіп жатыр. Сайлау 10 қазанда өтеді деп жоспарланып отыр. 

Осы аралықта лаңкестік шабуылдардың үдеуінің екі мақсаты бар сияқты:

Бірінші мақсат - елде қауіпсіздік жағдайы қамтамасыз етілмеген деген сылтаумен сайлауды кейінге қалдыру. Оның үстіне Ирактың кейбір топтары мен партиялары, соның ішінде Мұқтада Садр бастаған "Саарун" альянсы АҚШ қолдайтын топтарға көбірек жағдай жасалғанға дейін сайлауға қатыспайтындарын жариялады. 

Екінші мақсат - Ирактың Хашд əш-Шаби ұйымын беделден айыру. Елдегі тынышсыз кеңістікті осы ұйым мен қарсыласу қозғалысын қорғайтын саяси партияларға қарсы қолданып, оларды Ирак халқы назарында сәтсіз топтар ретінде көрсетуге күш салынуда.

Тегтер