Там 01, 2021 18:03 Asia/Almaty
  • Палестиналық карикатурист саудиялықтардың ашу-ызасын тудырды

Атақты палестиналық карикатурист Махмуд Аббас: «Саудиялық дзюдошының израильдік бәсекелесінен жеңілгені туралы карикатура жариялағаннан кейін Сауд Арабиясының кибер армиясының ауқымды шабуылына ұшырадым»,-деді.

Жұма күні саудиялық дзюдошы әйел Тахани Кахтани израильдік бәсекелесінен 11:0 есебімен жеңіліп, жарыстан шығып қалды.

Ал өткен аптада алжирлік дзюдошы Фатхи Нурин израильдік бәсекелесімен белдесуден бас тартып, Токио олимпиадасынан шығып кетті.