Шіл 19, 2021 16:02 Asia/Almaty
  • Қытай мен Иран Сыртқы істер министрлері телефон арқылы  екіжақты қарым-қатынасты дамыту туралы сөйлесті

Қытай Сыртқы істер министрі Иран Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сұхбаттасып, екіжақты қарым-қатынас және Ауғанстан мәселесін талқылады.

Қытай Сыртқы істер министрі: «Бейжің Иранның жаңа үкіметімен қарым-қатынасын одан ары кеңейтуге ниетті»,-деп қуаттады.

Ол Иранға Қытайдың мүддесіне қатысты мәселелерді қолдағаны үшін алғыс айтып: «Бейжің Иранның егемендігі мен ұлттық мерейін сақтап, оның заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауға қолдау білдіруін жалғастырады»,-деді.

Қытай мен Иранның Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттың жалғасында Ауғанстанның қазіргі жағдайы мен басқа да тақырыптар жөнінде пікір алмасты.  

Тегтер