Шіл 30, 2021 18:18 Asia/Almaty
  • Зариф БҰҰ Бас хатшысына АҚШ пен Батыс елдерінің уәде бұзушылықтары туралы хат жазды

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде №2231 қарардың бекітілгеніне 6 жыл толғанына орай осы ұйым бас хатшысы Антониу Гутеррешке хат жолдап, АҚШ пен Батыс елдерінің уәде бұзушылықтары туралы қорытынды құжат әзірлеп, БҰҰ хатшылығына тіркеді.

ISNA ақпарат агентігінің хабарлауынша, бұл хат Батыс елдерінің алты жыл бойы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын орындаудағы уәде бұзушылықтары туралы құжаттар топтамасы мен Зарифтің кіріспесімен бірге парсы және ағылшын тілдерінде жарияланды. Құжаттар бұдан бұрын Иран СІМ тарапынан түрлі жағдайларға байланысты дайындалған болатын.

Мұхаммад Джавад Зариф дайындаған бұл құжаттар топтамасының көлемі 200 беттен асады. Топтама ИИР СІМ-нің саяси және халықаралық зерттеулер орталығы тарапынан жарияланды. Қазір оның электронды нұсқасы көпшілікке қолжетімді.

Тегтер