Там 01, 2021 19:26 Asia/Almaty

ИИР Сыртқы істер министрі: «АҚШ уағда бұзушылықтарының тарихы кітап болып басылып шығады»,-деп қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф: «Екі апта бұрын БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррешке жазған хатымда АҚШ-тың уағда бұзушылықтары тарихына тоқталдым»,-деді.

Иран Сыртқы істер министрі: «Америкалықтарды «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында жеңіліске ұшыраттық. АҚШ-тың экономикалық құдіреті халыққа қысым жасай алды, бірақ екі айдың ішінде үш рет БҰҰ-да жеңіліске ұшырады. Иран халқы әлемде қиындық тудырып отырған және қатынасын өзгертуі тиіс елдің АҚШ екенін дәлелдеді»,-деді.

Тегтер