Там 02, 2021 16:39 Asia/Almaty
  • Пашинян Арменияның премьер-министрі лауазымына тағайындалды

Армения президенті Никол Пашинянның премьер-министр болып тағайындалуына келісім берді.

Армения президенті Армен Саркисян дүйсенбі күні осы ел парламентінде басым дауысқа ие "Азаматтық келісім" партиясының  фракция өкілдерінің ұсынысымен  Никол Пашинянды елдің премьер-министрі ретінде таныстырды. 

Армения конституциясы бойынша ел президенті Парламент депутаттарының өкілеттігі басталғаннан кейін олардың басым бөлігі қолдап ұсынған үміткерді премьер-министр етіп тағайындайды. 

Министрлер кабинеті жаңа премьер-министр тағайындалған күннен кейін 15 күннің ішінде құрылуы тиіс. Содан кабинет басшысы 20 күннің ішінде жаңа үкіметтің бағдарламасын парламентке таныстыруы керек. 

Пашинян қазір Арменияда жаңа Министрлер кабинеті құрылғанға дейін уақытша премьер-министрдің қызметін атқарып жатыр. Ол елде мезгілінен бұрын парламенттік сайлау өткізу үшін өз қызметінен отставкаға кеткен болатын. 

Тегтер