Там 03, 2021 12:36 Asia/Almaty
  • Израиль Əзірбайжан үкіметі мен халқына тыңшылық жасады

 Ильхам Əлиевтің  Израильдің нəсілшіл режиміне қалтқысыз сенімі Баку үкіметі саясатының қате болғанын тағы да дәлелдеді.

Аймақтық жəне халықаралық ақпарат құралдарының əшкереулеріне сәйкес, Израильдің Pegasus тыңшылық бағдарламасы Əзірбайжан республикасы басшыларының телефон номерлерін тыңдауға пайдаланылған.

Осы орайда Əзірбайжандағы қаржы жемқорлығымен күресетін тілшілер мен зерттеушілер орталығының мəлімдеуінше, Pegasus бағдарламасы Əзірбайжан Президентінің жұбайы əрі вице-президент Мехрибан Əлиеваның телефон номерін жəне осы елдің мыңнан аса тілшісі мен жоғары лауазымды мемлекеттік қайраткерінің телефон номерлерін тыңдауға пайдаланылған.

Тыңшылық жұмыстар жүргізу, əлем елдерінің жоғары лауазымды тұлғалары мен басшыларын теріс мақсатта пайдалану үшін түрлі тəсілдерді қолдану жəне  бүлдіргі бағдарламалар жасап, пайдалану Құдсты басып алған режимнің басты болмысына айналған.

Pegasus бағдарламасын жасап, қолданудағы мақсаттарды ескере отырып, осы бағдарламаны сатып алып, өздерінің оппозиционерлерінің  телефон қоңырауларын тыңдаған барлық елдер ең көп шығын көрді деп айтуға болады. Өйткені мұндай елдердің басшылары арагідік сионистік режимнің заңсыз талаптарына оң жауап беруге мəжбүр.

Осы аралықта Батыс Азия, Орта Азия мен Оңтүстік Кавказ елдері Израильдің қоқан-лоққыларына ең көп ұшырап отыр.

Тегтер