Соңғы бөлімдер

  • Рамазан: жиырма екінші күнінің дұғасы

    Рамазан: жиырма екінші күнінің дұғасы

    Сәу 02, 2024 17:00

    Уа, Алла! Осы күні маған Өз даналықтарыңның есіктерін ашып, берекеңді бере гөр! Мені Өзіңнің ризашылығыңның себебі етіп, жәннаттың ортасынан орын бер, уа, құлдарының талап-тілектері мен дұғаларын орындаушы!

  • Рамазан: жиырма бірінші күнінің дұғасы

    Рамазан: жиырма бірінші күнінің дұғасы

    Сәу 02, 2024 16:58

    Уа, Алла! Осы күні мені Өзіңнің ризашылығыңа бөлейтін жолға нұсқа. Жолыма шайтанды жолатпай, мені тыныштық табатын мекен – жәннатқа орналастыр, уа, ізденімпаздардың қажеттіліктерін орындаушы!

  • Рамазан: жиырмасыншы күнінің дұғасы

    Рамазан: жиырмасыншы күнінің дұғасы

    Сәу 02, 2024 16:57

    Уа, Алла! Осы күні менің алдымнан жәннәттың есігін ашып, тозақ отының есігін жаба гөр! Осы күні қасиетті Кітабыңды оқуға көмек бер, уа, мүміндердің жүректеріне тыныштық сыйлаушы!

  • Рамазан: он тоғызыншы күнінің дұғасы

    Рамазан: он тоғызыншы күнінің дұғасы

    Сәу 02, 2024 16:56

    Уа, Алла! Бұл күннің берекесінен маған молынан нәсіп етіп, Өзіңнің ризашылығыңа жетер жолымды жеңілдет. Бұл күннің жақсылықтарын қабылдаудан бізді мақұрым етпе, уа, хаққа жол нұсқаушы!

  • Рамазан: он сегізінші күнінің дұғасы

    Рамазан: он сегізінші күнінің дұғасы

    Нау 28, 2024 19:16

    Уа, Алла! Осы күні мені таңсәрідегі берекеңнен хабардар етіп, жүрегімді жарқыраған нұрыңмен нұрландырып, дене мүшелерімнің барлығын өз нұрыңның әсеріне бөле, уа әділ жүректерге жарық сыйлаушы!

  • Рамазан: он жетінші күнінің дұғасы

    Рамазан: он жетінші күнінің дұғасы

    Нау 28, 2024 19:15

    Уа, Алла! Осы күні маған ізгі ғамалдарға қарай жол нұсқап, арман-тілектерімді орында. Уа, Алла! Сенің дәргаһыңа баруға қатысты мұқтаждығым мен армандарым тәпсірлеу мен сауалды қажет етпейді, уа, әлемдіктердің жүректеріндегіден хабардар данагөй! Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) пен оның әулетін жарылқай гөр!

  • Рамазан: он алтыншы күнінің дұғасы

    Рамазан: он алтыншы күнінің дұғасы

    Нау 26, 2024 22:21

    Уа, Алла! Бұл күні мені ізгілер мен тақуалардың қатарына қосып, күнәһарлармен дос болудан сақта. Өзіңнің мейіріміңмен маған мәңгілік жәннәттан орын бер, уа, әлемнің Пәруәрдігері!

  • Рамазан: он бесінші күнінің дұғасы

    Рамазан: он бесінші күнінің дұғасы

    Нау 26, 2024 22:18

    Уа, Алла! Бұл күні маған қарапайым пенделеріңнің мойынсұнуын нәсіп етіп, Өзіңе қарай жүрегімді аша гөр, уа, тақуаларға пана беруші!

  • Рамазан: он төртінші күнінің дұғасы

    Рамазан: он төртінші күнінің дұғасы

    Нау 25, 2024 16:34

    Уа, Алла! Бұл күні мені қателіктерім үшін жазғырма. Бұл күні мені қателіктерден сақтап, менің басыма бақытсыздық пен қиыншылық тудырма, уа, мұсылмандарға абырой сыйлаушы!