Maм 22, 2021 20:19 Asia/Almaty

Имам Хомейнидің ерекше назар аудартқан тақырыптарының бірі жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіру болды.

Имам Хомейнидің ерекше назар аудартқан тақырыптарының бірі жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіру болды.  Бұл екі негіз ислам дініндегі сенім мен әрекеттердің маңызды негіздері болып табылады. Оның әсері жеке мәселелерден бастап қоғамның жалпы мәселелеріне дейін жетеді, тіпті одан тысқары қоғамның саяси саласына таралады. Басқаша айтқанда, жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіру қоғамдағы жеке адамдар арасындағы қатынастар саласында ғана  емес, қоғамдық, әсіресе халықтың басшыларды бақылау механизмі. Имам Хомейни көрегендігімен жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіру фиқһ парызын, оның әртүрлі өлшемдері мен қырларын түсіндірді.

Имам Хомейни «Тахрир әл-Васила» кітабында жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіруді ислам діні үшін маңызды деп тауып, Құран Кәрім және Алла елшісі мен пәк имамдардың (ғ.с.) рауаяттарына сүйеніп, жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіруді басқа парыздар оған сүйеніп, іске асырылатын парыз және қоғамда жақсылық пен берекенің кеңеюіне себеп болатынын мәлімдеді.  Имам Хомейни бұл туралы: «Бұл ең жоғары екі парыз. Осы екі парыздың арқасында басқа парыздар орындалады. Екеуі де діннің қажеттіліктері болып табылады»,- деді. Алла Тағала «Әл-Имран» сүресінің 104-ші аятында: «Сендерден жақсылыққа шақыратын сондай-ақ дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосатын бір топ болсын. Міне солар құтылушылар»,- деді. Сондай-ақ, Пайғамбар (с.ғ.с.): «Менің ұлтым жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіргенше және жақсылыққа көмектескенше, жақсылық көреді. Егер олай жасамаса, олар берекеден айырылады және олардың кейбіреулері басқаларынан басым болады және оларға көкте де, жерде де көмекші болмайды»,- деген.

Имам Хомейни хазірет Әлидің (ғ.с.)  сөзінің бірінің мазмұнына сілтеме жасап, жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіруден бас тартуды апаттың алғышарты деп тауып: «Хазірет Әли (ғ.с.) сөздерінің бірінде Алланы мадақтаған соң: «Шынында да, сендердің ата-бабаларың күнәларға ластанған кезде жойылды және олардың ғұламалары (раввиндері) оларға тыйым салмады. Олардың ғұламалары тыйым салмай, олар күнәларын жалғастырғандықтан, оларға апат келді. Сондықтан жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіру қажет, бұл парыз өлімді жақындатпайды және ырзықты жоймайды»,- деді. Хазірет жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіруді қоғамның шіруінің алдын алады деп санады»,- деген.

Имам Хомейни жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендірудің діни және әлеуметтік тұрғысын түсіндіре отырып, осы екі негізді жүзеге асыруды көпшіліктің құқығы әрі міндеті деп білді. Имам Хомейни бұл туралы: «Жақсылыққа жігерлендіру және жамандықтан жирендіру исламдағы барлығын реформалағысы келетін екі негіз, яғни осы екі негіздің көмегімен мұсылмандардың барлық топтарын реформалағысы келеді. Барша жақсылық жасап, жамандықтан алыстауға міндетті»,- деді.

Имам Хомейни жақсылыққа жігерлендіру және жамандықтан жирендіруге  негізделген бақылау мен жауапкершіліктің ауқымын мұсылман өмірінің барлық салаларына кеңейтті. Жалпы саяси саладан барлық шенеуніктерді, әсіресе жүйенің басшылығын қадағалауды, сондай-ақ халықтан қоғамдағы ауытқушылықты болдырмау үшін басшылық қызметіне бақылау жасауды талап етеді. Ол бұл салада: «Барлық халықтар қазіргі кезде исламмен байланысты барлық нәрсені бақылауға міндетті. ... Мен бір уақытта ислам ережелеріне қайшы сөз айтпауым үшін барша назар аударсын, наразылық білдірсін, жазсын, айтсын»,- деді. Имам Хомейни исламдық қоғамдардағы маңызды мысалдарының бірін шетелдіктердің ел істеріне үстемдік етуі деп біліп,  және мұсылмандардың мүдделерін құрметтеу және шетелдіктердің үстемдігін болдырмау үшін барлық мұсылмандарды илаһи тудың астына жиналып, бірігу қажеттілігін қуаттады. Ол шетелдіктердің елдің әртүрлі істеріне үстемдігіне қарсы тұруды және оны болдырмауға талпынуға тоқталды. Имам Хомейни ұлттық жиындарда, әсіресе Ислам кеңесі мәжілісінде адамдардың қадір-қасиетін сақтауды маңызды мысалдардың бірі деп санады. Ол: «Өкілдер жоғары ислам ақлағына ие болуы,   олардың істері  мен сөздерін қадағалап отырған ұлы Алланы білуі, озбыр режимдердің мінез-құлқы мен сөйлеуінен аулақ болу керек. Алдын ала тапсырыс беру кезінде немесе басқа келіссөздер мен сұхбаттарда болсын, егер біреу білместен шариғат шектеулерінен ауытқып кетсе, жақсылыққа жігерлендіру және жамандықтан жирендіру парызды ұмытпау керек»,- деді.  Ол жақсылық пен жамандық туралы білім мен хабардар болуды жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіруді қажетті шарты деп санап, бұл туралы: «Бұйрық беруші және тыйым салушы адам не нәрседен бас тарту қажет екенін білуі керек. Сондықтан надан адам үшін жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіру парыз емес. Мұнда білім -   қажетті  шарт»,- деді.

 

Тегтер