Шіл 15, 2021 15:55 Asia/Almaty

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі соңғы онжылдықта бірнеше рет үкіметтерді халықаралық және халықаралық емес қақтығыстарда әскерилер мен әскери емес азаматтарды бөлу негіздерін құрметтеуге шақырды.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі соңғы онжылдықта бірнеше рет үкіметтерді халықаралық және халықаралық емес қақтығыстарда әскерилер мен әскери емес  азаматтарды бөлу негіздерін құрметтеуге шақырды. Бұл құқықтық негіз жанжалға тікелей қатыспайтын адамдарды қорғауға арналған. Джордж Вашингтон университетінің халықаралық гуманитарлық құқық және халықаралық қылмыстық құқық профессоры Уильям Фенрик: «Халықаралық Қызыл Крест комитетінде бекітілген гуманитарлық құқықтың әдеттегі ережелерінің 6-ережесі бойынша бейбіт тұрғындар шабуылдарда қорғалады», - деді. 


 

Иранның Сыртқы істер министрі және Халықаралық қатынастар ұстазы Мұхаммад Джавад Зариф: «Қарулы қақтығысты  қақтығыс ретінде анықтау екі үкіметтің арасындағы соғысты немесе азаматтық соғыс кезіндегі қақтығысқа ұқсайтын мемлекеттік емес субъектілердің қайшылығын қажет етеді. Бұл шайқас тұрақты, жан-жақты және ұйымдастырылған болуы керек»,- деді. Бөлу қағидасының ережелері бойынша, генерал Солейманиге жасалған қастандықтың бұл негізге  қайшы келгендігі туралы қорытынды жасауға болады. АҚШ пен Иранның қарым-қатынасы 2020 жылдың қаңтарында Ислам революциясынан кейінгі кезеңнің  ең суық жағдайында болғанымен, АҚШ  3 қаңтарда генерал Солейманиге шабуыл  жасаған кезінде екі ел арасында тікелей қақтығыс болған жоқ.  Генерал Солейманиге жасалған қастандық, бөлу қағидасына қайшы болумен қатар, «қажеттілік» пен «теңдік» қағидаларына да қайшы келеді. Себебі қажеттілік қағидасы әскери қажеттілікті білдіреді және әскери күш ақылға қонымды әскери мақсатқа жету қажет болған жағдайда ғана қолданылатын болады деген міндеттеме болып табылады. Айта кететін жәйт, тіпті әскери күшке жүгіну қажет болсада,  теңдік принципін ұстану қажет. Иранның әйгілі заңгері Джамшид Мұмтаз: «Теңдік принципінің мақсаты - шабуылдың практикалық артықшылықтарын әскери қажеттіліктермен үйлестіру»,- деді. шираз универститетінің құқық және саясаттану факультетінің ұстазы Фархад Талаи: «Заңды түрде рұқсат етілген шығындар мен кездейсоқ  зияндардың мөлшері теңдік принципі негізінде анықталады»,- деп мәлімдеді.

Бағдарламаның жалғасында біз генерал Солейманиге жасалған қастандықты адам құқығы ережелері аясында және қасақана кісі өлтіру тұрғысынан қарастырамыз. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 3-бабы «өмір сүру құқығына» баса назар аударады. Осы бапқа сәйкес әркімнің өмір сүруге, бостандыққа және жеке басының қауіпсіздігіне құқығы бар, жеке адамдардың өмір сүру құқығы жойылмайды. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 5-бабында ешкімге азаптау немесе адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қатынас пен жазалау шаралары қолданылмайтындығы айтылған.  1966 жылдағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 6-шы тармағының 1-ші бабына сәйкес, ешбір адамды   өмір сүру құқығынан айыруға болмайды. 

 

Халықаралық адам құқығы заңнамасына сәйкес қасақана немесе өлімге әкеп соғатын күш қолдану тек қаралатын адам немесе адамдар басқа адамдардың өміріне тікелей қауіп төндірген кезде ғана міндетті болып табылады. Халықаралық адам құқығы заңнамасына сәйкес қасақана немесе өлімге әкеп соғатын күш қолдану тек адам немесе адамдар басқа адамдардың өміріне тікелей қауіп төндірген кезде ғана міндетті болып табылады.  Генерал Солеймани мен оның айналасындағылар шабуыл жасаған жоқ. Сондықтан генерал Солеймани, Абу Махди әл-Мохандесті және олардың серіктерін АҚШ-тың мақсатты қастандық стратегиясына жүгіну арқылы өмір сүру құқығынан айыру - бұл ерікті, заңсыз, заңсыз әрекет және мемлекеттік терроризмнің мысалы.

АҚШ-тың генерал Солеймани және оның қасындағыларға жасаған қастандығы қорғаныс пен әскери қажеттілік емес.  АҚШ-тың әрекеттері білікті емес және заңды қорғаныс қағидаттарына сәйкес келмеген. Сондай-ақ, Иран мен АҚШ арасында қарулы қақтығыс болған жоқ. Сондықтан, АҚШ-тың әрекетін мақсатты өлтіру шарттары негізінде ақтауға болмайды.

 

Тегтер