-
Йеменде ешбір ирандық күш жоқ
Қаз 02, 2018 13:47Йеменнің ұлттық құтқару үкіметінің баспасөз хатшысы дүйсенбі күні саудиялық шапқыншы коалицияның Йемендегі ирандық күштердің орналасуы туралы уәждерін негізсіз деп атады.
-
Израильдің көптеген белсенділері сионистік режимге санкция салу қозғалысына қосылды
Қаз 01, 2018 20:38Сионистік газет: «Сионистік режимге санкция салу дүниежүзілік қозғалысы (BDS) осы режимді жек көретін және Палестина халқына тілеулес израильдіктерді тартып жатыр», деп жазды.
-
Иран Ахваздағы лаңкестік қылмысты ұйымдастырушыларға зымырандық шабуыл жасады
Қаз 01, 2018 13:19Ислам революциясы Сақшылар корпусы дүйсенбі күні таңертең Ахвазда лаңкестік қылмысты ұйымдастырған топ басшыларының Евфрат өзенінің шығысында орналасқан базасын Сақшылар корпусы аэро-ғарыш күштерінің зымырандық бөлімі арқылы нысағана алғаны туралы хабарлады.
-
Сионистік режимнің министрі Израильдің ХАМАС-пен күресуге шамасы келмейтінін мойындады
Қаз 01, 2018 12:34Сионистік режимнің Білім және Ғылым министрі жексенбі күні: "Газа секторының шекаралық аймағында орын алып жатқан оқиғалар қауіпсіздік сипатқа ие. Бұл Израильдің Соғыс министрі Авигдор Либерманның соғысқұмарлық саясаттарының салдары саналады",- деді.
-
Йемен теңіз күштері Сауд Арабиясының Джизан портына шабуыл жасады
Қыр 30, 2018 21:00Йемен армиясы мен халық күштерінің ұшқышсыз ұшақтары Дубай әуежайына шабуыл жасағаннан кейін Йемен жағалауын қорғайтын теңіз күштері Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі Джизан портындағы саудиялық әскери кемелерге қарсы шабуылдарын іске асырды.
-
Йемендіктердің зымырандық шабуылынан кейін Дубай әуежайында ұшу тоқтатылды
Қыр 30, 2018 14:35Йемен Қарулы күштерінің ақпарат өкілі Әзиз Рашид Йеменнің қарсыласу күштерінің Дубай халықаралық әуежайына әуе шабуылдары салдарынан бұл әуежайда ұшудың тоқтатылғанын хабарлады.
-
Ливанда "Шам уақыты бойынша" атты ирандық фильм көрсетіледі
Қыр 29, 2018 20:492018 жылдың 11 қазанынан бастап "Шам уақыты бойынша" (Damascus Time) атты ирандық фильм Ливан кинотеатрларында бір ай бойы көрсетіледі.
-
«Оралу құқығы» шеруінде 7 адам қаза болып, 507 адам жараланды
Қыр 29, 2018 20:43Палестинаның Денсаулық министрлігі жұма күні кешке Газа секторында 27-ші рет өткен «Оралу құқығы» шеруінде 7 палестиналықтың, соның ішінде бір баланың қаза болып, 507 адамның жараланғанын хабарлады.
-
Адел әл-Джубейр Иранға қарсы бос сөз айтты
Қыр 29, 2018 20:31Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас ассамблеясында АҚШ Президенті Дональд Трамп пен сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяхумен бірігіп, Иранды лаңкестікті қолдайды деп айыптап: «Иран – Таяу Шығыс аймағындағы тұрақсыздықтардың факторы»,- деген уәж айтты.
-
Сионистік қалашықтардың жүздеген тұрғыны әл-Ақса мешітіне шабуыл жасады
Қыр 25, 2018 17:02Сионистік қалашықтардың жүздеген тұрғыны сионистік режим әскерилерінің қолдауымен әл-Ақса мешітіне шабуыл жасады.