Там 31, 2022 18:51 Asia/Almaty
  • Теһранда Принт және қаптама өнеркәсібіне арналған көрме өтіп жатыр

Теһранның "Афтаб" халықаралық көрмелер орталығында Принт және қаптама өнеркәсібіне арналған төртінші көрме өтіп жатыр.

Көрмеге отандық және шетелдік компаниялар қатысып, азық-түлік пен жуғыш заттарға арналған қаптамалардың түрлерін, соның ішінде картон, шыны, пластик, целлофан және аллюминий қаптамалар жасайтын аппараттар, әртүрлі ыдыс бетіне заттаңба жабыстыратын құрылғылар және әралуан материал бетіне сурет басатын өндірістік жабдықтарды жұрт назарына ұсынып отыр.  

Айта кету керек, Иран мен Қазақстанның ортақ сауда палатасы да осы көрмеге қатысып, қызығушыларды ирандық тауарларды Қазақстанға шығарудың жолдарымен таныстырып жатыр.  

Иран мен Қазақстанның ортақ сауда палатасы
Принт және қаптама өнеркәсібіне арналған төртінші көрме
Көрмеде

 

Тегтер