Қаң 21, 2023 14:01 Asia/Almaty

ИИР Сыртқы істер министрі Иранның Палестина, Йемен, Ауғанстан және соғыс пен дағдарысқа тірелген басқа елдердегі әйелдер мен балалардың жағдайына алаңдағандай, Украинадағы балалар мен әйелдердің жағдайына да алаңдаулы екенін қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Хұсейн Амир Абдуллахиан  кеше, жұма күні ықпалды әйелдердің бірінші халықаралық отырысында: «Украина соғысында Иран президент пен сыртқы істер министрлері деңгейінде бар күшімен атысты тоқтатуға және тараптарды бейбітшілікке бағыттауға тырысуда. Иранның БҰҰ Әйелдер мәртебесі жөніндегі комиссиясына мүше болуына тыйым салу   Ислам Республикасының әйелдердің жағдайын жақсартуға және Ирандағы саяси, әлеуметтік, мәдени, ғылыми, өнер және халықаралық қызметтегі әйелдердің ең тиімді рөліне ерекше назар аударуында  әсер еткен жоқ және етпейді»,- деді.

Тегтер