Қаң 24, 2023 09:47 Asia/Almaty

Ресей Думасының төрағасы Теһран мен Мәскеу қарым-қатынасының жоғары деңгейге көтеріліп, әртүрлі деңгейде кеңейгенін жариялап, ортақ отырыстарда Иран мен Ресейдің азаматтары мен үкіметтерін толғандыратын мәселелер талқыланатынын мәлімдеді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі күні Вячеслав Володин Ислам кеңесінің төрағасы  Мұхаммад Бақер Калибафпен  бірлескен баспасөз мәслихатында екі ел парламенттері төрағаларының бірлескен отырысын өткізуге тоқталып: «Бұл отырыс бірлескен және жоғары деңгейдегі комиссия аясында өтті және осы комиссияда екі тарапқа да түсінікті мазмұнды мәселелер қаралды»,- деді. Володин АҚШ-тың Иран мен Ресейге қарсы санкцияларына тоқталып: «АҚШ пен оның агенттерінің екі елге қарсы салған санкциялары Иран мен Ресейдің арасына бірлік әкеледі»,- деп айтты.

Ислам кеңесінің төрағасы осы баспасөз мәслихатында Иран мен Ресейдің Ортақ жоғары комиссиясын АҚШ-тың санкцияларымен күресудің маңызды мүмкіндігі деп атап: «Біз бұл мүмкіндіктерді екіжақты, көпжақты және халықаралық қарым-қатынастарда пайдалана аламыз. Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерінің бірі болып табылады.  Әртүрлі салаларда Иранмен тығыз әлеуметтік, мәдени, саяси және экологиялық қарым-қатынастарға ие. Біз комиссияның мүмкіндігін пайдалануымыз керек»,- деді.