Қыр 12, 2024 16:28 Asia/Almaty
  • Жергілікті катализаторлар жасау арқылы Иранда миллиондаған еуро үнде

Мұнай-химия өнеркәсібіндегі химиялық реакцияларды жеделдетуші ретінде белгілі «Ацетиленнің С2 гидрогенизациясы» атты ирандық катализатор Иранда таныстырылды.

Катализаторлар мұнай-газ, мұнай-химия және кейбір басқа да химия өнеркәсібінде қолданылатын мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы маңызды стратегиялық өнім болып табылады. Ирандық сарапшылар мен білімге негізделген компаниялар өткен жылдары елдегі катализаторлар өнеркәсібін жергілікті ету табысқа жетті.

Parstoday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы катализаторды жобалаған ирандық білімге негізделген компанияның бас директоры Сейед Саид Садеқи: «Бұл компания санкциялар аясында бұл өнімнің 18 миллион еуроны құрайтын астрономиялық құнын жойып, бағасының сегізден бір бөлігіне жалпы ирандық өнімді шығара алды",- деді.  

Садеқи бұл өнімнің жұмыс басталғаннан соңғы өндірісіне дейінгі кезеңнің 10 ай болатынын жариялап, былай деп қосты: "Бұл өнімнің монополиясы АҚШ пен бірнеше Еуропа елдерінің қолында болды, бірақ қазір Иран да бұл білімге қол жеткізді",- деп хабарлады.

Айта кетейік, ирандық нанокатализаторларды БРИКС отырысында ресейлік өнеркәсіп  белсенділері де байқаған болатын.

Тегтер