Сақшылар корпусы әскери-теңіз күштері кемелерді Ормуз бұғазынан өту туралы тағы да ескертті
ParsToday - Иран Сақшылар корпусы әскери-теңіз күштерінің қолбасшылығы бұғаздан өтуді жоспарлаған барлық кемелерге тағы да ескерту жасады.
ParsToday IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауынша, Иран Сақшылар корпусы әскери-теңіз күштерінің қолбасшылығы былай деп қосты: «Ормуз бұғазы арқылы өтетін жалғыз қауіпсіз жол - бұл Иран Ислам Республикасы бұрын жариялаған дәліз»,- деп айтты.
Иран Әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазындағы АҚШ әскери эсминецтерін бақылау және анықтау арқылы жау эсминецтерінің қозғалыс ауқымында ескерту жасап, ескерту оқтарын атты және мұндай қауіпті әрекеттердің американдық-сионистік жауға тигізетін салдарын көрсетті.
Дүйсенбіде АҚШ эсминецтері Оман теңізіндегі радарларын өшіріп, Ормуз бұғазына жақындауды көздеді. Радарларын қосқаннан кейін бірден олар табылып, ИИР әскери-теңіз күштерінен атысты тоқтатуды бұзудың қауіптері туралы радио арқылы ескерту алды.