Арақчи: Қоқан-лоққылар мен қорқытулар тоқтамай, түпкілікті келісімге қол жеткізу бойынша келіссөздер басталмайды
ParsToday - Иранның Сыртқы істер министрі дүйсенбі күні революцияның шәһид көсемімен қоштасу рәсіміне қатысқаннан кейін былай деп жазды: «Иранның халқы да, батыл қарулы күштері де ешқандай қауіптен қорықпайды».
ParsToday Иран Телерадио бірлестігі хабар тарату агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Иранның Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи өз жолдауында былай деп баса айтты: «Миллиондаған ирандықтар революцияның шәһид көсемі Аятолла Хаменеиге және оның мәңгілік мұрасына құрмет көрсету үшін бірлік пен ынтымақтастығын көрстеу үшін жиналды. Олар да, батыл Иран қарулы күштері де ешқандай қауіптен қорықпайды».
Арақчи былай деді: «Өзара түсіністік туралы меморандумның 13-тармағы толығымен анық және айқын: Иранға қарсы қауіптер жалғасқанша, Иран мен Америка Құрама Штаттары арасындағы түпкілікті келісімге қол жеткізу бойынша келіссөздер басталмайды. Қолтаңбаларыңа табанды болыңдар».