Қаң 27, 2023 17:49 Asia/Almaty
  • Мәулен Әшімбаев  Қазақстан Сенатының спикері болып қайта сайланды

Мәулен Әшімбаев  Қазақстан Сенатының төрағалығына қайтадан кірісті.

Fars News ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, кеше (бейсенбі) Қазақстан сенаты өкілдері арасында өткен дауыс беру рәсімінің соңында Мәулен Әшімбаев  бірауыздан осы елдің Сенатының спикері болып сайланды. Сенат өкілдері Әшімбаевтың қайта сайлануын бірауыздан қолдады.

Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асанов, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Бектаев, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Асқар Шәкіров, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Сүйіндік Алдашев және Сенаттың құқықтық комитет төрағасы лауазымына Андрей Лукин сайланды.

 

Тегтер