Қаң 28, 2023 18:28 Asia/Almaty

Ақпарат көздері сионистік қоныстанушылардың Құдс шәһидтік операциясы өтетін жерде сионистік режимнің ішкі қауіпсіздік министрі Итмар Бен Гвирге шабуыл жасағанын хабарлады.

Сионистік қоныстанушылар жұма күні түнде  Итмар Бен Гвирге шабуыл жасап, оны бірнеше сионистің өліміне әкелген Құдс шәһидтік операциясы үшін жауапты деп санады. Кейбір сионистік ақпарат құралдары да осы режимнің ішкі қауіпсіздік министріне шабуыл жасап, оның арандатушылық әрекеттерін басып алынған Палестинадағы шиеленісті ұлғайту және жұма күні түнгі Құдс операциясының орын алуына себепті деп айыптады. Осындай жағдайда сионистік режимнің соғыс министрі Йоав Галлант осы режимнің барлық әскери күштеріне дайындықта тұруды бұйырды және әскери күштерден сионистік елді мекендерді қорғауды талап етті.   

 

 

Тегтер