Ақп 24, 2024 18:53 Asia/Almaty
  • Газа:  соғыстың 141 күні және 29 606 шәһид болды

Газаның Денсаулық сақтау министрлігі бүгін, сенбі, ақпанның 24-і күні сионистік режимнің басқыншылығы құрбандарының саны 29 606 шәһид пен 69 737 жаралыға жеткенін хабарлады.

 

 

Соңғы 24 сағатта басқыншы режим Газа секторында 8 қырғын жасап, нәтижесінде 92 адам шәһид болып, 123 адам жараланды.

Израильдің басқыншы армиясы бүкіл аймаққа шабуылдарын жалғастыра отырып, Газаның орталығы Дейр әл-Балахта бүгін ең жантүршігерлік қырғынды тіркеді. Мұнда тек бір жарылыс кезінде 26 шәһид болды және ондаған адам жараланған.

Бүгін «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы басқыншылардың медициналық орталықтарға шабуылының күшеюіне алаңдаушылық білдіріп, Хан Юнистегі "Насер" ауруханасының әлі де қоршауда екенін және науқастар мен жараланғандарды қабылдай алмайтынын хабарлады. Бұл ұйым израильдік әскерилердің жаралылар мен науқастарды басқа ауруханаларға жіберуге рұқсат бермейтінін баса айтты.

 

Тегтер