Қар 22, 2022 13:34 Asia/Almaty

Дүйсенбі күні Индонезияның батысында болған 5,6 балдық жер сілкінісінен кейін Батыс Яваның губернаторы Ризван Камил 162 адамның қаза тапқанын, жүздеген адамның жараланғанын және із-түзсіз жоғалғанын, олардың көпшілігі балалар екенін хабарлады. Камилдің айтуынша, 326 адам зардап шекті, олардың көпшілігінің сынықтары бар.