Қаң 21, 2023 14:49 Asia/Almaty

Қытайдың Тибет аймағында орналасқан Нинчи қаласында қар көшкіні салдарынан 28 адам қаза тапты. Мәліметтер бойынша апат орнына іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 1348 адам жіберілді. Қазірге дейін құтқару күштері 53 адамды аман алып қалды, олардың бесеуінің жағдайы ауыр.