Пезешкиан: Иран мен Мысыр екі өркениет пен жарқыраған тарих иелері; Сионистік режимнің Теһран мен Каирдің жақындығына алаңдауы
ParsToday – ИИР Президенті мысырлық әріптесімен кездесуінде: «Иран мен Мысырдың екі өркениет және жарқын тарихқа ие, олардың ынтымақтастығын кеңейту екі халық пен аймақтағы басқа ұлттардың мүдделерін одан әрі қамтамасыз етуге көмектесе алады»,- деді.
ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі күні Ислам елдері мен Араб Лигасы басшыларының Катардың астанасы Дохада өтіп жатқан төтенше саммиті аясындағы кездесулерін жалғастырған ИИР Президенті Масуд Пезешкиан Мысыр Президенті Абдель Фаттах әл-Сисимен кездесіп, екі ел арасындағы ресми қарым-қатынастардың тез арада қалыпқа келуіне үміт білдіріп: «Ислам елдері арасындағы бірлік пен келісімді нығайту – сионистік режимнің қылмыстарының қайталануы мен жалғасуына қарсы тұрудың ең тиімді жолы»,- деді.
Бұл кездесуде әл-Сиси осы кездесуге және Иран мен Мысыр арасындағы қарым-қатынастарды жақсарту үдерісіне қуанышты екенін айтып, Теһран мен Каирдің аймақтағы басқа халықтардың мүдделерімен қатар өзара мүдделерді қамтамасыз етуде жақсы мүмкіндіктері бар екенін баса айтты. Ол сондай-ақ исламдық елдердің сионистік режимнің қылмыстарына қарсы бір-бірімен жақындасып, біртұтас және практикалық ұстанымға ие болуы қажеттігін қуаттады.
Израиль телеарнасы Сауд Арабиясы, Мысыр және Иорданияның Иранға жақындығына алаңдаулы
Израиль телеарнасы 13 арна Дохаға жасалған шабуылдан кейін Израильдің терең саяси және дипломатиялық дағдарысын әшкерелеп: «Израиль халықаралық сахнада барған сайын оқшауланып, Мысыр, Сауд Арабиясы және Иордания Иранға жақындай түсуде» деп хабарлады.
Бұл сионистік арна Израильдің қазіргі кезде саяси цунамимен бетпе-бет келгенін атап: «Израильдің жаһандық деңгейде оқшаулануы күшейіп, бір кездері өздерін Тель-Авивтің досы санаған Сауд Арабиясы, Мысыр және Иордания сияқты елдер Иранмен жақындасуда»»,- деп айтты.
Каирден Теһранға: стратегиялық олқылықтар арасындағы дипломатиялық көпір
Батыс Азия мәселелерінің сарапшысы Масуд Каземиан өз мақаласында Иран мен Мысырдың толық және жан-жақты қарым-қатынастарын орнату мәселесіне тоқталып: «Теһран мен Каир қарым-қатынасы стратегиялық қажеттілікке айналды және бұл жақындасу екі елдің ұлттық қауіпсіздігі мен экономикасының мүддесі үшін ғана емес, сонымен қатар тұрақты әрі көпқырлы аймақтың қалыптасуына көмектесуі мүмкін»,- деді.
Бұл саяси сарапшы ирандық және мысырлық дипломаттардың көзқарасы бойынша Теһран мен Каирдің жақындығы тұрақтылықтың жаңа осіне айналуы және батыс-сионистік одақтарға қарсы тепе-теңдік тудыруы мүмкін екенін баса айтты.