Жел 03, 2023 17:53 Asia/Almaty

7 қазан Батыс Азия аймағының саяси тарихында қалады. Бұл күні Палестина Исламдық Қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) жауынгерлері сионистік режимге шабуыл жасап, осы жалған режим  75 жылдық тарихындағы ең ауыр жеңіліске ұшырады. Бұл жеңілісті революцияның  жетекшісі «орны толтырылмайтын жеңіліс» деп атады.

 

ХАМАС соғысты дұрыс бастады ма?

"Әл-Ақса дауылының" сәтті операциясынан кейін осы үлкен жеңіліске таң қалып, есеңгіреп қалған ХАМАСтың дұшпандары мен сионистік режимнің қолдаушылары ХАМАС-тың әрекеттеріне моральдық тұрғыдан күмән келтірді. Қарсыластардың уәжі, біріншіден, ХАМАС сионистік тұтқындарға жамандық жасады. Екіншіден, ХАМАСтың шабуылы сионистік режимнің Газа халқын геноцид пен өлтіруді бастауына себеп болды. Кейінірек екі мәлімдеменің де жалғандығы дәлелденді. ХАМАС-тың тұтқындарға қарсы зорлық-зомбылық көрсеткенін алға тартқан журналистердің кейбірі сионистердің жалған болып шыққан мәлімдемелерінен кейін осындай мәлімдеме жасағандарын жариялады.

Сонымен қатар, кейбір сионистік азаматтар ХАМАС жауынгерлерінің оларға қарсы ешқандай зорлық-зомбылық немесе жағымсыз әрекеттер болмағанын ресми түрде мәлімдеді. ХАМАСтың әрекеті 75 жыл сионистік қылмыстарға, соның ішінде Газаны 17 жыл толық қоршауға алуына реакция болды. Тіпті Палестина халқының "Қайта оралу шеруі" кезінде сионистік режим шектен тыс зорлық-зомбылық жасап, жүздеген палестиналық бейбіт тұрғынды шәһид етті. Жыл сайын сионистік сарбаздар мен қоныстанушылар қолынан көптеген әйелдер мен балалар шәһид болып, жараланады. Сионистердің барлық қылмыстарының алдында ешқандай моральдық пікірталас жоқ және бұл режим кез келген айып пен ахлақтық сыннан қорғалған.

  

ХАМАС шабуылы тұрарлық болды ма?

Осы орайда үш мәселені айтып кеткен жөн. Бірінші мәселе, ХАМАСтың қарсыластары сионистік режимнің геноцидін айыптаудың орнына ХАМАС-қа күмән тудыру үшін оны "әл-Ақса дауылына" реакция деп атайды. Екіншіден, қарсыластардың сынауы түбегейлі қате, өйткені Имам Хусейн (ғ.с.) Кербалада да серіктерінің саны дұшпанның серіктерінен әлдеқайда аз екенін білді, бірақ қорлыққа берілмей, абыроймен соғысып, сахабаларымен бірге шәһид болды. Үшіншіден, ХАМАС әрекетінің Палестина үшін маңызды жетістіктері болды, олардың кейбіріне тоқталамыз.

Бірінші жетістік – Палестина мәселесінің Батыс Азия аймағындағы саясаттың негізгі осіне қайта оралуы. Сионистік режим соңғы жылдары Американың көмегімен Палестина мәселесін аймақтағы негізгі күн тәртібінен алып тастауға тырысты, бірақ "әл-Ақса дауылы" бұл мақсаттың жүзеге асуына кедергі болды. Екінші жетістік – халық пен араб үкіметтерінің Палестинаға қатысты ұстанымдары арасындағы алшақтықтың кеңеюі, бұл араб аймағындағы қозғалыстардың жаңа толқынын бастау мүмкіндігіндегі әлеуметтік және экономикалық дағдарыстардың рөлін барынша арттыруға жол ашты. Кейбір араб елдерінің палестиналық қарсыласу қозғалыстарымен, әсіресе ХАМАС пен Исламдық жиһадпен жалғасқан дұшпандық ұстанымына және бұл елдердің оларды қолдаудан, тіпті олармен саяси қарым-қатынас орнатудан бас тартуына қарамастан, Палестина мәселесі араб және аймақтық өзара әрекеттесу орталығына қайта оралуы мүмкін. Үшінші жетістік қарым-қатынастардың қалыпқа келуіне әсер етті. Бұл операциядан бұрын Сауд Арабиясы Құдсты басып алушы режимімен қарым-қатынасын қалыпқа келтірудің алдында тұрды, бірақ "әл-Ақса дауылы" қарым-қатынастардың қалыпқа келуін бұзды. "Әл-Ақса дауылы" операциясы Израиль режимінің имиджіне және оның аймақтық ұстанымына үлкен зиян келтіргені, бұл бағдарламаның тиімділігіне және олардың техникалық және тыңшылық мүмкіндіктеріне қатысы бар елдердің сенімін арттырғаны сөзсіз. Төртінші маңызды жетістік "Әл-Ақса дауылы" басып алынған аумақтардағы ішкі жағдайдың сезімталдығын дәлелдеді. Томас Фридман мақаласында: «7 қазаннан кейінгі Израиль бұрынғы Израиль емес. Израиль қазір оның тұрғындары бұрын-соңды өмір сүрмеген жерге айналды. Израильдік генералдар ешқашан қорғауға мәжбүр болмаған жер және Америка деп аталатын одақтас бұрын ешқашан тікелей араласып, қорғауға мәжбүр болған емес» деп жазды. 

 

ХАМАС жойылып кете ме?

Сионистік режимнің Газаға қарсы соғыстағы маңызды мақсаттарының бірі ХАМАС қозғалысын жою болып табылады. Сионистік режим "Әл-Ақса дауылынан" бұрын ХАМАС қарсыласу майданын тастап, бұл режиммен келіссөздер мен ымыраға келуге бет бұрды деп ойлады. "Әл-Ақса дауылы" сионистік режим үшін барлау қызметінің үлкен сәтсіздігі болды, өйткені бұл олардың ХАМАС туралы түсінігінің қате емес екенін көрсетті. Керісінше, ХАМАС "әл-Ақса дауылы" операциясын кем дегенде бір жыл жоспарлады, бірақ сионистер мұны түсінбеді. 50 күн ішінде сионистер ХАМАС жауынгерлеріне жетуге тырысты, бірақ нәтижеге жетпеді. Ричард Хаас, АҚШ-тың сыртқы байланыстар бөлімінің басшысы: «ХАМАС жойылмайды және тіпті күшейе түсуі мүмкін. ХАМАС тек жойылатын армия емес, ХАМАС - идеология. Тель-Авив университетінің Палестинаны зерттеу қауымдастығының басшысы Майкл Милштейн де: « ХАМАСтың әскери бөлімшесінің 25 мыңнан астам мүшесінен бөлек, «Дауа» деп аталатын ХАМАСтың әлеуметтік инфрақұрылымында 80-90 мың мүше бар",- деп сенімді.

 

Тегтер