Шіл 27, 2021 19:17 Asia/Almaty
  • Моссад лаңкестік желісіне соққы берілді

Моссад лаңкестерінің Иранда диверсия жасап, бүлік тудыру жоспары жеңіліске ұшырады.

Иран Барлау министрлігінің тыңшылыққа қарсы департаментінің басшысы: "Иран қауіпсіздік күштерінің шетелдегі ақпаратты бақылауы және ауқымды барлау амалдарының арқасында сионистік режимнің Моссад тыңшылық ұйымына қарасты тобы қару-жарақтар мен оқ-дәрілерімен бірге елдің батыс шекарасына енген кезде құрықталды",-деп мәлімдеді.

Ол Моссад мүшелерінің осы қару-жарақтарды қаладағы бүліктер кезінде пайдаланғысы келгенін айтып: "Сионистік режим Иранда президенттік сайлау қарсаңында да бірнеше рет елдің түрлі жерлерінде бүлдіргі әрекеттер жасағысы келді. Иран қауіпсіздік күштері дер кезінде реакция білдіріп, лаңкестік әрекеттердің алдын алып, Моссадтың аймақтағы желісіне ауыр соққы берді",-деді.