Шіл 31, 2021 17:55 Asia/Almaty

Мексиканың Сакатекас қаласындағы көшені бақылау камерасына бір кішкентай баланың көліктен ұшып түскен сəті тіркелді.

Көшеде жүріп келе жатқан жеңіл көлік бұрылысқа келгенде есігі ашылып кетіп, салонның арт жағында отырған бала асфальтқа құлап түсті. Жүргізуші бірден көлікті тоқтатып, өзіне қарай жүгіре ұмтылған баласын құшақтай алды. 

Мексикада орын алған бұл оқиғадан бала жеңіл-желпі жарақат алып, аман шықты.