Жел 29, 2019 15:27 Asia/Almaty

Имам Хомейнидің Ислам республикасы жүйесіндегі 10 жылдық билігі кезіндегі саяси партиялар мен топтар туралы көзқарасына тоқталамыз.


Алдыңғы бағдарламаларда имам Хомейнидің Иран халқының исламдық қозғалысы кезіндегі саяси партиялар мен топтар құру және олардың белсенділігінің бостандығы туралы көзқарастарын талқыладық. Имам әртүрлі интеллектуалдық және саяси салалардағы Пехлеви әулетінің саяси органдарға қатысты саясаты мен жоспарларын сынға алып, Пехлеви үстемшілігі кезінде саяси партиялар мен саяси топтардың еркін жұмыс істеуіне жол берілмеді және шах пен үкімет құрған партияларды халық қолдамады деп санады. Сондықтан имам партиялар мен басқа саяси ұйымдардың құрылу және жұмыс жасау еркіндігін Ислам республикасы жүйесі қажеттіліктерінің бірі деп, бұл жүйені қоқан-лоққылардан қорғап, партиялардың белсенділігінің шегін белгіледі.

Имам Хомейни исламдық қозғалыс және Ислам республикасын құру кезеңінде сан рет партия құру мен оның белсенділігінің қажеттігін   қуаттады. Ол исламдық қозғалыстың құрылуы мен жеңіске жетуінде саяси топтар мен акциялар маңызды рөл атқармады деп санады. Тарихи тұрғыдан бұл тақырып расталды, өйткені Ислам революциясы елді үстемшіл жүйе басқарған және ел ішіндегі барлық саяси партиялар мен ағымдарды үкімет басқан жағдайда орын алды. Ислам революциясы саяси партиялар болмаған кезде имам Хомейнидің харизматикалық басшылығы және халықты біріктіретін Ислам идеологиясымен жеңіске жетті. Имам Хомейни Ислам революциясындағы адамдардың батыл рөлі  мен  саяси партиялар мен топтардың әсерсіздігі жөнінде: "Белгілі партиялар мен топтардың басқаруымен жасалмаған революция табылмас. Бүкіл революцияға шолу жасасаңыздар, саяси партиялардың араласуынсыз халықтың ортасынан шығып, илаһи мектептің негіздеріне сүйену сынды Ислам революциясы ие болған ерекшеліктері болған ешбір революцияны таппайсыздар. Бұл революция исламдық идеяға сүйенді. Барша: "Исламды, шариғатты және Ислам респуликасын қолдаймыз. Ешбір саяси және саяси емес топтар бұл қозғалысқа араласпады. Революцияның табысқа жетуіне мәселенің исламдық болуы себеп болды",- деді. (1359/3/27).

Имам Хомейни Ислам революциясын әлемнің басқа елдеріндегі революциялармен салыстырып, Ислам революциясының саяси партиялар мен топтардың белсенділігі туралы ұстанымына тоқталып: «Осы күнге дейін   Иран революциясы сияқты нәтижеге жеткен революция табылмайды. Басқа революциялар миллиондаған халықты өлтіріп, бүкіл ақпарат құралдары мен партияларын жауып, басшыларын қамады. Ешбір революция Ислам революциясы сынды мұсылман халыққа сүйеніп, халық өзі революция жасап, барлық топтардың алдынан есіктерін ашық қалдырмады",- деді. (59/8/26). Имам Хомейнидің Ислам революциясының көсемі және Ислам республикасы жүйесінің іргетасын қалаушы ретіндегі көзқарасы Ислам революциясы жеңіске жетісімен реттеліп, референдумға салынған Конституциясының саяси партиялар мен фракциялардың өз еріктерімен құрылуы және белсенділіктерінің азаттығын растауына себеп болды. ИИР Конституциясының халық растаған 26-шы бабында: "Егер олар тәуелсіздік, бостандық, ұлттық бірлік, Ислам мен Ислам республикасының негіздерін бұзбайтын болса, ешкімге кез-келген исламдық партияларға немесе бірлестіктерге, белгілі діни немесе діни азшылық топтарына қатысуға немесе олармен байланысты болуға тыйым салынбайды",- деп айтылды.

Саяси партиялар мен топтардың азат құрылу және қызмет ету ерігін қабылдап, Ислам республикасы жүйесінің құқықтық шеңберіндегі бұл әрекеттерді заңдастыруға тырысқанда имам Хомейни трансұлттық көзқарас тұрғысынан «Хизболла» мен «Мостазафин партиясын» құру  идеясын ұсынды. Имам Хизболла партиясының ауқымдылығына тоқталып, "Өзіңізді қай партияға жақынырақ сезінесіз?" деген сұрақка: "Иранның исламдық қозғалысының ұрандары мен талаптарын халықтың көпшілігі қабылдады, сондықтан ешбір топ оған қарсы еш нәрсе айта алмайды. Егер айтса, халықтың қолдауынан айырылады. Иран халқының қозғалысы партиялық шектеулерден асып, Иранның мұсылман халқының партиясына айналды",- деді. (57/10/23). Имам Хомейни «Мостазафин» (мұқтаждар) партиясының мұсылмандар және мұсылман еместерден құру идеясын ұсынып: "Біз әлем бойында "Мостазафин партиясы" деп аталатын партия құрылып, бүкіл мұқтаждар бірге жиналып, жолдарындағы қиындықтарды шешіп, Шығыс пен Батыстың билеп-төстеушілеріне қарсы көтеріліп, әлем үсемшілеріне мұқтаждарға зорлық-зомбылық көрсетуге рұқсат етпейтіндігіне үміттенеміз",- деді. (58/5/26).

Имам «Хизболла» мен «Мостазафин» партиясының құрылуы бір-бірін кемелдендіріп, ұлттық, аймақтық және ислам әлемі, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі табиғи бірлік болады деп ойлады. Имам Хомейни Ирандағы Ислам революциясының жеңіске жету тәжірибесіне тоқталып: "Бүгінде исламдық жерлерде мұқтаждар бірікті. Бұл үлгі бүкіл жерлерге таралуы керек",- деді. Имам келесі бір сөзінде бұл партияның ислам әлеміндегі орны туралы: "Барлық исламдық үкіметтер қауіп-қатермен бетпе-бет келуде. Бұрынғы қателердің орнын мұсылмандардың үстемшілерге қарсы бірігіп, "Мостазафин патиясын" құру арқылы толтыру керек",- деп мәлімдеді.

Имам Хомейни Иран халқының тарихи тәжірибесі  мен басқа елдердегі тәжірибелерге шолу жасап,  азаматтардың үш тобына партиялық және фракциялық қызметке кіруге тыйым салады. Бірінші топ  – әскери күштер, яғни Армия, Сақшылар корпусы мен Полиция күштері; екінші топ – қауіпсіздік күштері мен Барлау министрлігінің қызметкерлері; үшінші топ – мемлекеттік органдардың қызметкерлері. Имам Хомейни қарулы күштердің саяси топтар мен фракцияларға енуі саяси партияларға зардап келтіруі және қарулы күштерге соққы болуы мүмкін деп санайды. Өйткені қарулы күштердің негізгі міндеті – ел жүйесі мен  территориясын қорғау. Имам: «Менің ойымша, қарулы күштердің саяси істерге араласапағаны жөн»,- деген. (59/12/4). Сондай-ақ: «Армия мен басқа қарулы күштердің қолбасшылары армияны сақтап қалуға міндетті, сондықтан әскери қолбасшылар саяси істерге араласпауы керек. Армия үшін саяси істер героиннен жаман. Героин адамға қандай қатер әкелсе, саяси істер де армияға сондай қатер әкеледі»,- деді. (60/3/24).

Қарулы күштердің партиялық қызметке қосылмауы бұл күштердің тұрақтылығы мен саяси партиялардың саулығын сақтау үшін маңызды. Имам Хомейни сан рет бұл күштерге саяси партиялар мен фракцияларға  қосылмау жөнінде  ескертіп: «Партия мен топтардың біріне мүше болып кірген адам Армия, Сақшылар корпусы мен басқа әскери және полиция күштерінен шығуы керек»,- деді. (61/1/29). Имам сондай-ақ қауіпсіздік күштері мен Барлау министрлігі қызметкерлеріне де саяси партиялар мен топтарға мүше болмауды ескертіп: «Бұл министрлікте қызмет ететін барлық адам ешбір саяси партия мен топтың қарамағына енбеуі керек»,- деген. (63/12/9).

Имам Хомейни атқарушы билік  пен мемлекеттік қызметкерлердің фракциялар құрамына енуінің алдын алып: «Мен барлық мемлекеттік органдарға әртүрлі топтар мен фракцияларға енуден аулақ болу туралы ескертіп,  халық пен әлсіз адамдарға қызмет етуге шақырамын»,- деді. (59/3/26).

 

 

 

 

 

 

Тегтер