-
Амир Хұсейн Заре - Дүниежүзілік күрес федерациясының пікірінше әлемдегі ең үздік балуан
Жел 30, 2023 14:16Дүниежүзілік күрес федерациясы Instagram желісінде фото және видео жариялау арқылы 2023 жылғы әлем чемпионы Амир Хұсейн Зарені әлемнің ең үздік еркін күресшісі деп жариялады.
-
ИИР Президенті: Халықтың көрегендігімен және ағартуымен дұшпандар мен арамзалар ағыны шетке ығыстырылады
Жел 30, 2023 13:45ИИР Президенті Ибрахим Раиси "Алламе Месбах Яздидің ойлары" халықаралық конференциясында 2009 жылғы 9 дей ерлігі халықтың тиімді қатысуына тоқтала отырып: «Бұл күн қоғамда түсінік қалыптастыру бағытында көрегендік күні ретінде қалуы керек және халықтың бұл ұлы қозғалысының өлшемдерін түсіндіру қажет",- деді.
-
Теһран жұма намазының имамы 9 дей ерлігінің сақталуына баса назар аударды
Жел 29, 2023 18:22Теһран жұма намазының имамы 9 дейдегі ерліктің сақталуына баса назар аударып: "Ислам революциясы жетекшісінің стратегиялық шаралары мен шыдамдылығы және халықтың 9 дей шеруіне жаппай қатысуы Иранды 1388 жылғы қауіпті фитнадан құтқарды",- деді.
-
Иранда сионистік режимнің төрт тыңшысы өлім жазасына кесілді
Жел 29, 2023 17:44Бүгін таңертең Иранның Батыс Әзірбайжан облысының орталығы Урумие қаласында сионистік режимнің төрт тыңшысы өлім жазасына кесілді.
-
Американың Иранға деген жалбарынған дипломатиясы: Біз соғысты кеңейткіміз келмейді
Жел 29, 2023 12:51Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Газадағы соғысы басталғалы бері Иранға жалбарынған дипломатиясынан хабардар етіп: «Америкалықтар Иранға соғысты кеңейтуді көздемейтіндері туралы үнемі хабарламалар жолдады»,- деді.
-
Ислам революциясының жетекшісі кеңсесінің басшысы: Барлық басып алынған аумақтар Иранның баллистикалық зымырандарының бақылауында тұр
Жел 29, 2023 12:45Ислам революциясының жетекшісінің кеңсе басшысы ИИР қарулы күштерінің әскери және қорғаныс қабілетіне тоқталып: «Бүгінгі таңда басып алынған аймақтарда ИИР-ның баллистикалық зымырандарының бақылауына алынбаған жер жоқ»,- деді.
-
Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: Сейіт Рази Моусавиды шәһид ету сионистік режимнің қауқарсыздығын көрсетеді
Жел 28, 2023 13:26Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: "Сейіт Рази Моусавиды шәһид ету сионистік режимнің қауқарсыздығын көрсетеді. Біз ешқашан мұсылман үмбеті перзенттерінің шәһид болуына төзіп қарап тұрмаймыз. Сейіт Рази Моусавидың кегі сионистік режим жойылғанда алынады. Алла бұл режимді жер бетінен жойып жібереді деп үміттенеміз",-деді.
-
Ислам революциясының жетекшісі шәһид сейіт Рази Моусавимен қоштасу рәсіміне қатысып, намаз оқыды
Жел 28, 2023 12:52Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бейсенбі күні шәһид сейіт Рази Моусавимен қоштасу рәсімінде оған Құран бағыштап, намаз оқыды.
-
Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы банктік ынтымақтастық басталды
Жел 27, 2023 16:33Иран мен Еуразиялық экономикалық одақтың банк саласындағы ынтымақтастығы Иран үшін 6,5 миллиард ресей рублі несие желісін құрумен басталды.
-
Иран мен Әзірбайжан Сыртқы істер министрлері арасындағы әңгіме Кавказдағы оқиғаларға арналды
Жел 27, 2023 15:55ИИР мен Әзірбайжан Сыртқы істер министрлері сейсенбі күні кешкі телефон сұхбатында Оңтүстік Кавказдағы соңғы өзгерістер туралы пікір алмасты.