-
Сауд Арабиясының жасырын ядролық бағдарламасы бар
Там 15, 2020 11:35Шах Абдул Азиз қаласындағы бір нысанның үстінен түсірілген спутниктік видеода Сауд Арабиясының жасырын түрде алғашқы ядролық реактор салып жатқаны байқалады.
-
Палестиналық намазхандар БАӘ-нің туын таптады
Там 15, 2020 10:49Палестиналық намазхандар БАӘ мен сионистік режим арасындағы бітім келісіміне наразылық ретінде жұма күні әл-Ақса мешітінің ішінде БАӘ-нің туы мен осы елдің тақ мұрагері Мұхаммед бен Заидтың суретін таптап, оны «сатқын» деп атады.
-
Зариф Ливанның қарсыласу қозғалысын 33 күндік соғыстағы жеңісінің жылдығымен құттықтады
Там 14, 2020 15:01Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні Ливанның Сыртқы істер министрі мен Хизбулланың бас хатшысына жеке-жеке хат жолдап, Ливан халқы мен үкіметін қарсыласу қозғалысының сионистік режимге қарсы 33 күндік соғыстағы айбынды жеңісінің 14 жылдығымен құттықтады.
-
Бейрут жарылысынан тағы бір видео
Там 14, 2020 13:58Бұл видеода Бейрутте жарылыс болған сәт басқа қырдан көрсетілген.
-
Бейрут жарылысында қираған үйлер
Там 14, 2020 13:05Ливан тарихындағы ең жойқын жарылыс саналатын Бейрут жарылысында қираған үйлердің ішіне дрон жіберіліп, 4 тамызда астана тұрғындарының басынан кешкен жағдайы бейнетаспаға түсірілді. Алдын ала есептеулер бойынша, 2750 тонна аммоний нитратының жарылысы салдарынан Бейруттың 300 мың тұрғыны баспанасыз қалды. Жарылыста құрбан болғандардың саны – 220 адам, жараланғандар саны 5 мыңнан асып жығылады.
-
БАӘ мен сионистік режим өзара қарым-қатынасты қалыптандыруға келісті
Там 14, 2020 11:23Дональд Трамптың БАӘ мен сионистік режим арасындағы қарым-қатынасты қалыптандыру үдерісін жеңілдету үшін жасаған үздіксіз талпыныстарынан кейін қос тарап дипломатиялық қарым-қатынасты толық қалыптандыруға келісті.
-
Хамас пен Исламдық джиһад: БАӘ мен Израильдің келісімі жойылуы тиіс
Там 14, 2020 10:31Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (Хамас) саяси кеңсесінің басшысы мен Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы БАӘ мен сионистік режимнің келісімінің күшін жою қажеттігін қуаттады.
-
Сирияның жаңа Парламентін ашу рәсімінде Башар Асадтың қан қысымы төмендеді
Там 13, 2020 11:13Сирия Президенті жаңа Парламенттің алғашқы жиналысында қан қысымы төмендеп, басы айналды. Башар Асад жиылған қонақтардан сәл отыра тұрып, кейін сөзін жалғастыруға рұқсат сұрады. Асад қайта сөз алғанда қысымының түсуін кеше тамақтанып үлгермегендігінен деп түсіндірді.
-
Бейрут жарылысында қаза болғандар еске алынды
Там 13, 2020 10:56Ливан Президенті Мишель Аун Бейрут жарылысынан туындаған шығын көлемінің 15 млрд долларға бағаланып отырғанын мәлімдеді. Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, осы күнге дейін жарылыс салдарынан 171 адам қаза тауып, 6 мыңға жуық адам жараланды.
-
Израильде Нетаньяхуға қарсы наразылық акциялары өтіп жатыр
Там 13, 2020 10:33Соңғы күндері Израильдің мыңдаған халқы сионистік режим Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға наразылық білдіріп, шеру өткізді. Оның арты полиция мен наразылардың қақтығысына ұласты. Наразылар бір ғимараттың қасбетіне «Сенің заманың өтті» деп жазылған үлкен ақ мата ілді.