-
Йемен соғысы АҚШ-тың бақылауы және Израильдің әріптестігімен жүргізіліп жатыр
Maм 25, 2020 13:54Йемененің Ансаролла қозғалысының бас хатшысы сенбі күні кешке елінің АҚШ-тың бақылауында және Израильдің әріптестігімен жүргізіліп жатқан соғысқа ұшырап отырғанын айтып: «Біздің міндетіміз – бар күш-қуатымызбен осы басқыншылықпен күресу», - деді.
-
Ердоған: Құдс – әлем мұсылмандарының "қызыл сызығы"
Maм 25, 2020 11:53Түркия Президенті жексенбі күні кешке Ораза айтқа орай жолдауында Құдстың әлем мұсылмандарының "қызыл сызығы" екенін айтты.
-
Нетьянахуға қатысты алғашқы сот отырысы өтті
Maм 25, 2020 10:36Жексенбі күні басып алынған Құдста сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың жемқорлық ісі туралы сот отырысы өтті. Израиль Премьер-министріне жемқорлық, аманатқа қиянат жасады және пара алды деген айыптар тағылып отыр. Нетаньяхудың сот ісімен бір мезгілде Израиль Премьер-министрінің қарсыластары сот ғимаратының сыртына жиналды.
-
Палестиналық топтар Автономиялық құрылымның Израильмен үйлестіру жұмыстарын тоқтатуын қолдады
Maм 23, 2020 14:07Палестина қарсыласу комитетінің баспасөз хатшысы Ислам революциясы жетекшісінің Құдс күнгі сөзін "прогрессивті" деп бағалады.
-
Тас ұстаған балалар Израильдің жаппай қырып-жоюшылығын тоқтатады
Maм 23, 2020 13:19Имам Хомейни: "Егер мұсылмандар бірігіп, әрқайсысы Израильдің үстіне бір шелектен су құйса, оны су тасқыны алып кетер еді",- деген болатын.
-
"Құдс" күні Сирияда көлік шеруі өтті
Maм 23, 2020 10:08Сириялықтар Дүниежүзілік «Құдс» күні Сирия мен Палестина туларын ұстап, Палестинаны қолдап, көліктерімен шеруге шықты. Бұдан бұрын Дамаск күрежолдарында «Құдс – Палестинаның мәңгілік астанасы» және «Қарсыласу – Палестинаны азат ететін жалғыз жол»,- деп жазылған плакаттар ілінді.
-
Израильдің құлдырайтыны анық
Maм 23, 2020 10:04Almayadeen ақпарат арнасының мәліметінше, Сейед Хасан Насролла жұма күні Дүниежүзілік Құдс күніне байланысты сөйлеген сөзінде сионистік режимнің заңсыз режим, сыбайлас жемқорлық орталығы, шапқыншы әрі «обыр» ісігі екенін, сондықтан жойылуы қажеттігін қуаттап: «Палестинаның бүкіл жері – Палестина халқының меншігі, сондықтан иелеріне қайтарылуы керек»,- деді.
-
Бір палестиналық баланы ұстауға тұтас бір әскери бөлімше жұмылдырылды
Maм 22, 2020 12:11Инстаграмда сионистік әскерилердің палестиналық баланы тұтқындағаны туралы таңқаларлық видео жарияланды.
-
Сионистік режим әскерилері тұрғын үйлерді бұзып, адамдарды соққыға жықты
Maм 22, 2020 11:28Сионистік режим әскерилері үйлерін бұзуға кедергі жасағысы келген әйел мен еркекті соққыға жығып, әйелдің басынан орамалын жұлып алып жатқаны туралы бір видео жарияланды. Жалған Израиль режимінің соңы жақын.
-
Дүниежүзілік Құдс күні: Қоршаудағы Газа тұрғындарының өміріне шолу
Maм 22, 2020 10:48Газаны қоршауда ұстауды жалғастырып келе жатқан сионистік режим ондаған жыл бойы әлемнің ашық аспан астындағы ең ірі түрмесін экономика және денсаулық сақтау тұрғысынан қасақана әлсіретіп келеді. Коронавирус екінші құлыпқа айналды. Дүниежүзілік Құдс күні – Газадағы палестиналықтардың қиыншылықтарын айқын көрсетуге берілген мұрсат.