-
Масуд Барзани: Сардар Солеймани күрдтерге ДАИШ-пен күресуге көмектескен бірінші адам
Сәу 11, 2020 14:54Ирак Күрдістан Демократиялық партиясының (КДП) жетекшісі жұма күні Сауд Арабиясының «MBC» желісіне берген сұхбатта: «Иран және Ислам революциясы Сақшылар корпусы «Кудс» күштерінің қолбасшысы Сардар Солеймани күрдтерге ДАИШ-пен күресуге көмектескен бірінші ел мен бірінші адам болды»,- деді.
-
Түркияда карантиннің жариялануымен азық-түлік үшін төбелес болды
Сәу 11, 2020 10:13Түркияда жүріп-тұру мен қатынауға тыйым салынғаннан кейін елдің кейбір азаматтары нан мен азық-түлік сатып алу үшін аудан орталықтары мен дүкендердің алдында кезекке тұрды. Тіпті кейбір аудандарда нан мен азық-түлік үшін төбелес болды.
-
Раиси: Газа – әлемдегі ең ірі зындан
Сәу 10, 2020 13:33ИИР Жоғары сотының басшысы бейсенбі күні кешке телефон арқылы Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Ханиямен сұхбатта коронавирустың таралуына байланысты сионистік режимнің түрмелерінде жатқан палестиналық тұтқындардың жағдайына алаңдаушылық білдіріп: «Сионистер әлемдегі ең үлкен зынданды Газа секторында жасады»,-деді.
-
Эйн-ул-Асад базасындағы америкалық әскерилер жіті бақылауға алынған
Сәу 10, 2020 11:55«Асба-ус-Саерин» атты бір ирактық топ Ирактағы Эйн-ул-Асад базасының үстінде тыңшылық ұшақтарының ұшып жүргені түсірілген бейнематериалды таратты. Ирактың батысындағы әл-Анбар облысында орналасқан Эйн-ул-Асад базасы – осы елдің екінші ірі әуе базасы. Онда қазір америкалық әскерилер орналасқан. «Асба-ус-Саерин» тобы бұған дейін де АҚШ-тың Ирактағы елшілігінің әуеден түсірілген суреттерін жариялады.
-
Израиль дүкендеріндегі жұмыртқа соғысы
Сәу 04, 2020 10:37Коронавирустың таралуынан кейінгі Италия мен Испаниядағы дағдарыс, сондай-ақ сионистік режимнің халқын жұмыртқамен қамтамасыз ете алмауы салдарынан олардың бағасының он есе қымбаттауы басып алынған жерлердің дүкендерінде жұмыртқа дағдарысын тудырып, қақтығыстарға соқтырды.
-
Иранның келбетін бұзуға талпынған Нетаньяхудың масқарасы шықты
Сәу 02, 2020 13:19Сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху жуырда осы режимнің қауіпсіздік комитетінің отырысында бір видео көрсетіп, Иранда коронавирустан қайтыс болғандардың мәйіттерінің қоқыс арасына көмілетінін айтты. Алайда кейін бұл видеоның 2007 жылы түсірілген бір телехикаяның бөлігі екені анықталды.
-
Мұхаммад Әли әл-Хуси саудиялық әскери көлікпен Санаға келді
Сәу 02, 2020 11:34Саудиялық басқыншы коалицияға қарсы мықты да маңызды шарада Йеменнің Жоғары революциялық комитетінің төрағасы Мұхаммад Әли әл-Хуси соңғы әскери амалда олжаланған саудиялық әскери көлікпен Санаға кірді. Әл-Джоуфты азат ету амалдарында йемендктер саудиялық басқыншылар мен жалдамалылардың көптеген ауыр, жартылай ауыр және жеңіл қару-жарақтарын олжалады.
-
Сирияның әуе-қорғаныс күштері сионистік режимнің зымырандық шабуылына қарсы тұрды
Сәу 01, 2020 14:15SANA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейсені күні кешке Сирия әуе-қорғаныс күштерінің сионистік режимнің зымырандық шабуылына қарсы тұрғанын хабарлады.
-
Сауд Арабиясының астанасына Йеменнің зымыраны түсті
Нау 30, 2020 12:40Йеменнің Ансаролла қозғалысының зымыраны Сауд Арабиясының астанасына түсті. Саудиялық желілер бірнеше хэштег қолданып, эр-Риядтағы жарылыстар жайлы суреттер мен видеолардың таралмауына күш салып жатыр.
-
Түркия коронавирустан сақтану үшін көшелерін су және көбікпен тазалап жатыр
Нау 27, 2020 10:36Түркия коронавируспен күресу үшін Ван қаласының көшелері мен жаяу жолдарын дезинфекциялап, көбік және сумен тазалап жатыр.