-
Нетаньяху Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты үшінші қадамына реакция білдірді
Қыр 05, 2019 12:39Сионистік режимнің Премьер-министрі Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайту мақсатында үшінші қадам жасауға шешім қабылдағанына реакциясында Иранға қысым жасауды талап етті.
-
Ауғанстан Президентінің баспасөз хашысы Кабул-Вашингтон қауіпсіздік келісімінің қалатынын қуаттады
Қыр 04, 2019 13:34Ауғанстан Президентінің баспасөз хашысы АҚШ пен Талибан тобы арасындағы келісімге қол қойылған жағдайда, Кабул-Вашингтон стратегиялық және қауіпсіздік келісімінің қалатынын қуаттады.
-
Йемендік балалар саудиялық әскери ұшақтардың бомбаларының астында өмір сүруде
Қыр 04, 2019 10:20Йеменнің таулы әрі шекаралас Маран аулы бұл елдің солтүстігіндегі Сааде облысында Сауд Арабиясымен шекаралас жерде орналасты. Бұл ауылдың балалары саудиялық әскери ұшақтардың шабуылдарының астында өмір сүруде. Саудиялық әскери ұшақтардың шабуылдарына байланысты бұл таулы ауылда панажайлар жасалды. Шапқыншылардың әскери ұшақтарының дауысы естілсімен ойнап жүрген балалар панажайларға тығылады.
-
Сирияның Азаз қаласындағы жарылыстың салдарынан 11 адам адам қаза болды және жараланды
Қыр 04, 2019 08:10Сейсенбі түстен кейін Алеппоның солтүстігіндегі Азаз қаласының орталығындағы базарда мотоцикл жарылды. Бұл жарылыстын салдарынан 11 адам қаза болды және жарақат алды. Жараланғандардың төртеуінің жағдайы өте нашар болып жарияланды. Осы кезге дейін ешбір топ бұл лаңкестік әрекетті мойнына алмады. Азаз қаласы Түркия шекарасына 8 км жерде орналасты.
-
Саудиялықтар Йемендегі абақтыны бомбалады
Қыр 03, 2019 13:50Саудиялық әскери ұшақтар сенбі күнінің түнінде Дамар провинциясындағы Әл-Мақсуф абақтысын жеті рет бомбалады. Осы кезге дейін қираулардың астынан 60-тан астам мәйіт шығарылды, сондай-ақ жараланған 30 адам ауруханаларға жеткізілді.
-
Хизболланың сионистерге қарсы жауап әрекеті
Қыр 03, 2019 10:03Ливан Хизболласы өткен жексенбіде басып алынған Палестина жерлерінің солтүстігінде сионистік армиясының әскери көлігін танкіге қарсы зымыранмен нысанаға алды. Хизболла мәлімдемесінде бұл әрекетті Хасан Зейнаб пен Ясер Захир шәһидтері атындағы топтың іске асырғанын және көлік ішіндегілердің өлгені және жарақат алғанын жариялады.
-
Хизболла сионистік режимге қатаң жауап қайтарды
Қыр 02, 2019 16:17Ливанның Хизболласы 1 қыркүйекте Сейед Хасан Насролланың Израильдің шабуылдарына жауап қайтару уәдесін іске асырып, сионистік режимге қатаң жауап қайтарды.
-
Ливанның оңтүстігінің халқы Хизболланың сионистік режимге қарсы сәтті әрекетін тойлады
Қыр 02, 2019 10:18Ливанның «Әл-Майадин» телеарнасының мәліметінше, Ливанның оңтүстігіндегі Марван әр-Рас аймағының халқы жексенбі кешке көшелерге шығып, Хизболланың сионистік режимге қарсы сәтті әрекетіне қуанышын білдірді. Халық «Насроллаға ләббәйк» және «Изарильге – өлім» деген ұрандар айтып, Ливан Хизболласын қолдады.
-
«Әл-Минар»: Сионистік режим армиясының қолбасшысы Ливан Хизболласының әрекетінде өлді
Қыр 02, 2019 08:07«Әл-Минар»: «Ливанның Хизболласы Израильдегі әскери жабдықтар жарылысы және Ливан Хизболласының әрекетінің нәтижесінде басып алынған Палестина жерлерінің солтүстігіндегі сионистік режим армиясының қолбасшысы өлгені туралы хабарлады»,- деп жариялады.
-
Мұхаррам айының бірінші түнінде имам Хұсейн (ғ.) кесенесінің күмбезіндегі байрақ ауыстырылды
Қыр 01, 2019 18:45Жыл сайын мұхаррам айының бірінші түнінде ақшам намазынан кейін имам Хұсейн (ғ.) мен хазірет Аббастың (ғ.) кесенелерінің күмбезіндегі байрақтар арнайы рәсім барысында ауыстырылады. Кербаламен бірге осыған ұқсас рәсім Наджаф Ашраф, Самарра, Каземиндегі қасиетті әулиелердің кесенелері мен Ирактың әртүрлі жерлеріндегі имамзадалардың мазарларында өткізіледі.