-
"Арбағин" зияратшыларының бірінші тобы Иранның Астара шекаралық өткеліне енді
Қаз 15, 2018 05:48Имам Хусейннің (ғ.с.) шәһид болған күнінің жылдығы – «Арбағин» рәсімдеріне бара жатқан Иранның солтүстігіндегі шекаралас елдер зияратшыларының бірінші тобы Гилян облысының Астара шекаралық өткеліне енді.
-
Түркия Сауд Арабиясына осы елдің бас консулдығын тінту немесе дипломаттарды шығару туралы ультиматум қойды
Қаз 14, 2018 14:06Түркия басшылары эр-Риядқа бүгін, жексенбінің соңына дейін түркиялық тексерушілерге Сауд Арабиясының Бас консулдығы мен одан 300 метр жерге орналасқан консулдың үйіне кіруге рұқсат беруді талап етті, болмаса саудиялық дипломаттар мен консулдың Стамбұлдан кететінін айтты.
-
Сейіт Хасан Насролла: Трамп әшкере түрде және тіл тигізу арқылы тонаушылық жасауда
Қаз 13, 2018 13:41Ливандық Хезболланың бас хатшысы: "АҚШ-тың бұрынғы үкіметтері дипломатиялық әдістер арқылы және құрметпен тонаған болса, Дональд Трамп әшкере түрде және тіл тигізу арқылы тонап жатыр",- деді.
-
Саудиялық басқыншы коалиция Йеменде тағы қылмыс жасады
Қаз 12, 2018 16:41Йеменнің Денсаулық сақтау министрлігі бейсенбі күні кешке бір мәлімдемесінде елдің батысындағы әл-Ходейданың оңтүстігінде орналасқан әл-Дарихами ауруханасының саудиялық басқыншы коалиция тарапынан бомбаланғанын хабарлады.
-
Сауд Арабиясы Түркияға Хашоғджидің ісін жабу үшін 5 млрд доллар пара ұсынған
Қаз 12, 2018 14:18Түркияның Ливандағы елшісі Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманның Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанға саудиялық сыншы Джамал Хашоғджидің өлтірілгеніне қатысты істі жауып тастау үшін 5 млрд доллар пара ұсынғанын хабарлады.
-
Саудиялық терроршылар Хашоғджиді өлтіру үшін әуежайдан Бас консулдықтарына дейін барған
Қаз 11, 2018 15:53Ақпарат құралдары жариялаған жасырын бейнекамераның фильмі 15 адамнан тұратын саудиялық топтың Сауд әулеті режимін сынайтын тілші Джамал Хашоғджиді өлтіру мақсатында ұшақтан түскеннен бастап Сауд Арабиясының Стамбұлдағы Бас консулдығына кіргеніне дейінгі сәтті көрсетеді.
-
Иран Ирактағы қасиетті жерлерге 200 тонна дәрі-дәрмек пен медициналық зат жөнелтті
Қаз 11, 2018 13:00Иранның Қызыл жарты ай қоғамының қажылық және зиярат бөліміне қатысты медициналық орталықтың басшысы 200 тонна дәрі-дәрмек пен күнделікті қолданылатын медициналық заттар, соның ішінде 400 түрлі дәрі мен 80 түрлі қажет зат сәрсенбі күні Ираннан Ирактағы қасиетті жерлерге жөнелтілгенін хабарлады.
-
Өткен екі күнде Сауд Арабиясының әуеден бомбалауы салдарынан 79 йемендік қаза болды
Қаз 10, 2018 13:43Йеменнің әскери және дәрігерлік дереккөздері өткен 48 сағаттың ішінде саудиялықтардың әуе шабуылдары салдарынан Йеменнің батысындағы әл-Ходейда облысында 79 әскери емес адамның қаза болғанын жариялады.
-
Иран мен Ирактың "Арбағин" шеруі жөніндегі комитеттерінің бірлескен отырысы өтті
Қаз 09, 2018 18:11Хосейннің қырқының жылдығына орай зиярат жасайтын адамдардың Хузестанның Шаламче шекарасы арқылы қозғалысын жеңілдету мақсатында Иран мен Ирактың Арбағин шеруі жөніндегі комитеттерінің ортақ отырысы өтті.
-
"Дамаск уақыты бойынша" атты фильм Ливанда көрсетілді
Қаз 09, 2018 18:04Бейрутте ирандық "Дамаск уақыты бойынша" (Damascus time) атты фильм "Дамаск бағытындағы 2701 рейс" деген атаумен көрсетіліп, Ливан халқының көңілінен шықты.