-
Йемендіктер АҚШ-тың өз қылмысын Иранға таңу әрекетіне жауап қайтарды
Шіл 09, 2018 15:23Йеменнің Жоғары революциялық кеңесінің басшысы: "Егер АҚШ Иранның Йеменге баллистикалық зымырандар бергені туралы өз уәждерін дәлелдейтін жеткілікті айғақтар мен құжаттар келтірсе, голливудтық көрсетілім қоюдың қажеті болмайды",- деді.
-
Сионистік режимнің қырғи ұшағы Сирияның әскери әуебазасына шабуыл жасады
Шіл 09, 2018 14:52SANA ақпарат агенттігі сионистік режимнің қырғи ұшағының Сирияның Хомс облысында орналасқан (Т4) әуе базасына шабуыл жасағанын хабарлады.
-
Абдолмалек әл-Хуси Ливан Хезболласының бас хатшысына ұстанымдары үшін алғыс айтты
Шіл 08, 2018 12:56Йеменнің "Ансаролла" қозғалысының бас хатшысы сенбі күні кешке мәлімдеме жариялап, Ливан Хезболласының бас хатшысы Сейіт Хасан Насроллаға Йемен халқына қолдау көрсетіп, саудиялық коалицияның басқыншылығына тойтарыс берудегі ұстанымдары үшін алғыс білдірді.
-
Басып алынған жерлерде 17 өрт оқиғасы орын алған
Шіл 08, 2018 12:38Сионистік режимнің ақпарат құралдары сенбі күні палестиналықтардың өрт шығаратын батпырауықтарды лақтыруының нәтижесінде сионистер мекендейтін қалашықтардың егістіктерінде 17 өрт жайты орын алғанын хабарлады.
-
Сауд Арабиясының Йемендегі жаңа қылмыстары әшкере болды
Шіл 08, 2018 10:36Қатардың "Халидж онлайн" базасы АҚШ Конгресінің барлау комиссиясына жақын кейбір дереккөздеріне сілтеме жасап, саудиялық шапқыншы коалиция күштерінің Йеменге қарсы соғыста, әсіресе әл-Ходейда портын бомбалауға сионистік режимде шығарылған қаруды пайдаланғанын туралы хабарлады.
-
Нетаньяху Еуропаны Иранды қолдауды тоқтатуға шақырды
Шіл 04, 2018 09:43Сионистік режимнің премьер-министрі сейсенбі күні ИИР-на қарсы дұшпандық ұстанымын жалғастырып, еуропалық елдерден АҚШ санкция салып отырған жағдайда Иранды қолдауды тоқтатуды сұрады.
-
Сауд Арабиясының лаңкестерді химиялық қарулармен қамтамасыз етудегі рөлін сараптау
Шіл 02, 2018 11:48Атақты америкалық журналист Сеймур Хэрш: "Біз барлау мәліметтеріне сүйене отырып, Сауд Арабиясы мен лаңкестердің басқа да демеушілерінің 2013 жылы Сириядағы "ан-Носрат майданы" лаңкестік тобына зарин уландырғыш газының құрамына кіретін химиялық заттарды ұсынғанын растаймыз",- деп жазды.
-
Йемендегі "Ансаролла" күштері америкалық қолбасшыны тұтқындады
Шіл 02, 2018 10:26Йемендік ақпарат көздері Йеменде БАӘ үшін соғысып жатқан және БАӘ тақ мұрагері Мұхаммад бин Заидке жақын америкалық Blackwater компаниясы қолбасшыларының бірінің Йемен әскері мен халықтық комитеттері тарапынан тұтқындалғанын хабарлады.
-
"Оралу құқығы" шеруі басталғаннан бері 134 палестиналық шәһид болып, 15 000 адам жарақат алды
Шіл 01, 2018 10:50Палестина Денсаулық сақтау министрлігі сенбі күні кешке наурыздың отызынан "Оралу құқығы" шеруі басталғаннан қазіргі таңға дейін сионистік режим әскерилерінің қолынан 134 палестиналық шәһид болып, 15 200 палестиналықтың жараланғанын мәлімдеді.
-
Аймақтағы өзгерістер Қарсыласу қозғалысы үшін пайдалы
Маусым 30, 2018 09:56Ливандық "Хезболла" партиясының бас хатшысы Сейіт Хасан Насралла аймақ өзгерістерін Қарсыласу қозғалысы үшін пайдалы деп атап, Сирия қарулы топтарының құлдырап бара жатқанын айтты.