-
Ислам революциясының жетекшісі Куба Президентін қабылдады
Жел 04, 2023 19:43Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бүгін түстен кейін Куба Президенті Мигел Диас-Канелмен кездесуінде екі елдің зор саяси-экономикалық әлеуеттеріне тоқталып: "Осы әлеуеттерді АҚШ пен Батыс елдерінің үстемдігіне қарсы бірдей ұстанымға ие елдер арасында коалиция немесе одақ құруға пайдалану керек",-деді.
-
Америкалық наразылар Вашингтондағы Ақ үйдің алдында Палестина халқын қолдау мақсатында шеру өткізді
Жел 04, 2023 18:07Кейбір наразылар палестиналық балалардың символды макетін ұстап шығып, ұрандатып, балаларды өлтіруді тоқтатып, Палестинаны азат етуді талап етті.
-
Бүгін Раиси өзінің кубалық әріптесін ресми қарсы алды
Жел 04, 2023 17:52Иран мен Куба басшыларының кездесуінен кейін Раиси екі елдің жоғары лауазымды делегацияларының жиналысында: "Иран мен Кубаның мүдделеріне сай әлеуеттермен алмасу мақсатында әсерлірек қадамдар жасау керек. Екіжақты әріптестікті дамыту, Палестина халқының құқықтарының орындалуын талап ету, сионистік режимнің қылмыстарына қарсы күресу және үстемшіл жүйеге қарсы тұру – Иран мен Кубаның ортақ ұстанымдарының бірі",-деді.
-
Йемен қолбасшысы: Қызыл теңізді Израиль кемелерінің зиратына айналдырамыз
Жел 04, 2023 14:07Йемен армиясының Жағалауды қорғау бөлімінің қолбасшысы өз елінің Палестина халқын қолдауда құр бос ұрандатумен шектелмейтінін айтып: "Йемен Қарулы күштерінде қажетті мүмкіндіктер бар. Ол Қызыл теңізді Израиль кемелерінің зиратына айналдырады",-деп ескертті.
-
Иран мен Оман Сыртқы істер министрлері Палестина халқын қолдауды жалғастыру керегін айтты
Жел 04, 2023 13:55Иран мен Оман Сыртқы істер министрлері Теһранда кездесіп, Палестина халқын қолдау мақсатында аймақтық және халықаралық деңгейде талпыныстарды жалғастыра беру керегін баса айтты.
-
Боррель: ХАМАС-ты жою мүмкін емес
Жел 03, 2023 14:02Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы: "ХАМАС – бір идеология. Оны жою мүмкін емес",-деді.
-
Амир Абдуллахиан Газада сионистік режимнің қылмыстарын тоқтату керегін айтты
Жел 03, 2023 11:25Иран Сыртқы істер министрі Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысымен телефон арқылы сұхбатта сионистік режимнің қылмыстарын тоқтату керегін айтып: "Тез арада сионистік режимнің Газа халқына әскери шабуылдары тоқтатылып, гуманитарлық көмектер жіберуге жағдай жасалуы тиіс",-деді.
-
Раиси: Сионистік режим АҚШ-тың қолдауымен Газада қылмыстарын жалғастырып жатыр
Жел 03, 2023 11:01Иран Президенті АҚШ-ты сионистік режимнің Газадағы қорғансыз халыққа қарсы қылмыстарды ұйымдастырушы және соғыс машинасының басты қолдаушысы деп атап: "Сионистік режим АҚШ-тың қолдауымен Газада қылмыстарын жалғастырып жатыр",-деді.
-
Америкалық сенатор сионистік режимге «ақ қолтаңба» чектерінің берілуін сынап, бұл саясатты тоқтатуды талап етті
Жел 02, 2023 17:29Берни Сандерс: "Америка Израильге жылына үш миллиард 800 миллион доллардай дерлік ешбір шартсыз төлейді. Бұл көмекке қоса, АҚШ президенті Конгресстен Тель-Авивке тағы 14 миллиард 300 миллион доллар төлеуді сұрады, бұл заң мен қалыпты бақылаудан тыс",- деді.
-
Ресей президенті осы елдің қарулы күштерін 170 мыңға жуық адамды көбейтуге бұйрық берді
Жел 02, 2023 17:28Ресей президенті Жарлыққа қол қойып, осы елдің қарулы күштерін 170 мыңға жуық адамды көбейтуге бұйрық берді.