-
Парсы шығанағында 11 млн литр сұйық отын тиеген шетелдік танкер ұсталды
Қаз 31, 2022 15:24Иранның оңтүстігіндегі Хормозган облысының Әділет департаментінің директоры Парсы шығанағында 11 млн литр контрабандалық сұйық отын тиеген шетелдік танкер ұсталғанын хабарлады.
-
Амир Абдуллахиан: Кавказ қайшылығын шешу жолы – 3+3 отырысын өткізу және аймақтық механизмдерді пайдалану
Қаз 31, 2022 13:28Иран Сыртқы істер министрі әзірбайжандық әріптесімен телефон арқылы сұхбаттасып: "Иран Кавказ қайшылығын шешу үшін 3+3 отырысын өткізіп, аймақтық механизмдерді қолдану керек деп санайды",-деді.
-
Байден АҚШ штаттарының санынан жаңылды
Қаз 31, 2022 13:00АҚШ Президенті Джо Байден Филадельфияда Конгрестің кезеңаралық сайлауына үміткер-демократ Джон Фетерменді қолдау үшін өткен жиында сөйлеген сөзінде АҚШ штаттарының санын 50 деудің орнына 54 деп жаңылды.
-
Оңтүстік Кореядағы Хеллоуин оқиғасында 4 ирандық көз жұмды
Қаз 30, 2022 17:12Оңтүстік Кореядағы Иран елшілігі Сеулде болған Хеллоуин оқиғасында 4 ирандықтың көз жұмғанын хабарлады.
-
Астанада өткен ТМД премьер-министрлері кеңесінің отырысында 13 құжатқа қол қойылды
Қаз 30, 2022 12:17ТМД ға мүше елдер премьер-министрлері кеңесінің отырысы Қазақстанның елордасында 13 құжатқа қол қоюмен аяқталды.
-
Ресей: Украина қаржы мен қару-жарақ алу үшін бәрін істейді
Қаз 30, 2022 10:21Ресей СІМ нің баспасөз хатшысы Киев үкіметінің әлемде тұрақтылық пен азық-түлік қауіпсіздігін қаламайтынын айтып: «Украина қаржы мен қару-жарақ алу үшін бәрін істейді», деді.
-
Оңтүстік Кореяда Хеллоуин мерекесінде 120-дан аса адам қаза тапты
Қаз 30, 2022 10:04Оңтүстік Кореяда Хеллоуин мерекесі өткен көшелердің бірінде халықтың көптігінен кемінде 120 қаза тауып, жүздеген адам жараланды.
-
Ресей ирандық ұшқышсыз ұшақтарды пайдаланудан үзілді-кесілді бас тартты
Қаз 29, 2022 16:41Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Тель-Авив өкілінің Ресейдің Украинадағы соғыста ирандық ұшқышсыз ұшақтарды пайдаланғаны туралы мәлімдемесін жоққа шығара отырып, мұндай айыптаулардың мақсаты Қауіпсіздік кеңесіне қысым жасау екенін мәлімдеді.
-
Өзбекстан ирандық ұшқышсыз ұшақтарды осы елде құрастыру туралы қауесетті жоққа шығарды
Қаз 29, 2022 14:46Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде ирандық ұшқышсыз ұшақтардың осы елдің аумағында жиналғанын жоққа шығарды.
-
Ресейдің оңтүстігінде лаңкестік әрекет залалсыздандырылды
Қаз 29, 2022 11:38Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі Ресейдің оңтүстігінде украин ұлтшылдарының жақтастары жасаған лаңкестік әрекеттің алдын алғанын хабарлады.