-
Иран Сирия үкіметінің рұқсатысыз орналасқан шетелдік күштердің елден шығарылуын талап етті
Шіл 24, 2020 14:05БҰҰ Иранның тұрақты өкілі АҚШ-тың Сирия халқына қарсы біржақты санкцияларын ұятты санап, Сирия үкіметінің көзқарасынша заңсыз орналасты деп саналатын барлық шетелдік күштердің бұл елден шығу қажеттілігін қуаттады.
-
Колорадо штатындағы өрт
Шіл 24, 2020 10:10АҚШ-тың Колорадо штатындағы шиналарды қайта өңдеу зауытында өрт шықты.
-
Қытай Марсты зерттейтін бірінші зондын ұшырды
Шіл 24, 2020 10:04Қытай "Тяньвэнь-1" атты бірінші Марсты зерттеу зондын ғарышқа ұшырды.
-
Аустралия кемелері АҚШ пен Жапонияның Бейжіңге қарсы психологиялық соғыс жүргізу мақсатындағы теңіз жаттығуына қосылады
Шіл 23, 2020 15:38Аустралияның 5 кемесі Тынық мұхитындағы Филиппин теңізінде АҚШ пен Жапония күштерінің біріккен теңіз жаттығуына қосылады.
-
Шамхани Трампқа қайтарылатын кектің ауыр болатынын айтты
Шіл 23, 2020 12:22Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы сәрсенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында АҚШ Президенті Дональд Трамптың осы ел армиясының сардар Қасым Солеймани мен Абу Махди әл Мохандеске жасалған террордағы рөлін мойындағанын еске салып: «Иран мен Ирак халықтары осы екі шәһид қанының кегін қайтарады. Террор жасаушыларды жазаламайынша тоқтамайды», деді.
-
Британдықтар Лондонда бетперде тағуға қарсы шеру өткізді
Шіл 23, 2020 11:06Ұлыбританияның ондаған азаматы осы елдің астанасында коронавирустың таралу қатерінің алдын алу үшін енгізілген бетперде тағу ережесіне қарсы шеру өткізді.
-
Оңтүстік Кореяның алғашқы әскери жерсерігі ғарышқа ұшырылды
Шіл 22, 2020 14:32Корей түбегіндегі шиеленіс күшейіп, АҚШ-тың аймақтағы авантюралары ушығып келе жатқанда, Оңтүстік Корея сейсенбіде АҚШ-тың Флоридасынан өзінің алғашқы әскери жерсерігін ғарышқа ұшырды. «ANASIS 2» деп аталатын Оңтүстік Кореяның байланыс жерсерігі әскери жоба болғандықтан, ол туралы көп мәлімет таратылмады. Бұл әскери жерсерік Корея түбегіндегі әскери әрекеттерді бақылайды.
-
Трамп өзінің отаншыл сөздеріне тұрақты емес
Шіл 22, 2020 14:20АҚШ Президент Дональд Трамп Twitter-де коронавирус пандемиясы кезінде маска тағуды отаншыл әрекет деп атағаннан кейін өзі қоғамдық жерге маскасыз шықты. Бұл видео Трамптың Вашингтондағы қонақ үйінде түісірілді.
-
Лавров Болтонның Сириядағы Иранның араласуы туралы уәждеріне жауап қайтарды
Шіл 22, 2020 13:46Россия RT (Russia Today) мәліметінше, Сергей Лавров сейсенбі күні Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен өткізген бірлескен баспасөз отырысында АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік мәселелер жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Джон Болтонның уәждеріне жауап беріп: «АҚШ-тың бұл саясаткерінің өз сөздерін дәлелдеу үшін Ресей Президенті Владимир Путинге құжат тапсыра алмайтыны анық, бұл оның өзінің сөздері емес»,- деді.
-
Америкалық террористердің бронетранспортері аударылды
Шіл 22, 2020 13:04Сирияның Хасаке қаласының солтүстігінде АҚШ бронетранспортері аударылды. Ақпарат көздердің мәліметінше, оның салдарынан бірнеше америкалық әскери жараланды.