-
Нью-Йорк әкімі наразылық білдірушілермен бірге олардың ұрандарын бояуға қатысты
Шіл 11, 2020 13:06CNN ақпарат агенттігінің мәліметінше, Нью-Йорк әкімі Билл де Блазио бейсенбі күні сылақ білікшесін алып, Манхэттендегі Дональд Трамптың ғимаратының алдында «Қара нәсілділерді өмірі маңызды» деген сөздерді жазуға қатысты. Бұл сөйлем жол үстіне жазылды.
-
Лавров: Ресейдің талибандармен байланысы туралы уәждердің артында АҚШ-тың ішкі мәселесі тұр
Шіл 11, 2020 13:03Ресей Сыртқы істер министрлігі АҚШ ақпарат құралдарының Ресейдің Ауғанстандағы АҚШ пен НАТО әскерилерін өлтіру үшін талибандарға пара төлеуі туралы уәждерін теріске шығарды.
-
Адам өлтірген екі полицияның ақталуына наразылық білдірілді
Шіл 11, 2020 10:12Аз санды топтың жігіттің өліміне қатысты екі полиция қызметкері ақталғаннан кейін Солт-Лейк-Сити аудандық прокуратурасының алдында наразылық білдірушілер жиналды.
-
АҚШ сауда орталықтарында талаушылық жасалды
Шіл 11, 2020 10:08Өткен бірнеше күнде АҚШ-тың жүздеген сауда орталықтары мен дүкендері халық талауының куәсі болды.
-
АҚШ генералы: Иранға қарсы мейілінше қысым көрсету саясат әскери мақсатты көздемейді
Шіл 10, 2020 14:10Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Батыс Азия аймағындағы АҚШ лаңкестік күштерінің қолбасшысы ливиялық ақпарат құралдардың біріне берген сұхбатында елінің Иранмен соғысы келмейтінін қуаттады.
-
Помпео БҰҰ-ның сардар Солейманиге қарсы террорды айыптаған мәлімдемесіне ызасын білдірді
Шіл 10, 2020 11:05АҚШ Мемлекеттік хатшысы БҰҰ Адам құқығы кеңесінің сардар Солейманиге қарсы террорды айыптаған мәлімдемесін тіл тигізу деп тапты.
-
Сербияда қақтығыстар орын алды
Шіл 10, 2020 10:30Коронавирустың таралуына байланысты жиналуға тыйым салыну ескертулерге қарамастан Сербия парламентінің алдында мыңдаған адам жиналып, полиция күштері де бұл жерде орналасты. Бұдан бұрын коронавирустың қайта өршуіне байланысты енгізілген карантин шараларына наразылық білдірушілер парламент ғимаратына шабуыл жасап, олар қатыгездікке ұласты. Мәліметтер бойынша, 43 полиция қызметкері мен 17 наразылық білдіруші жарақат алып, 23 адам қамауға алынды.
-
Маскалардың жаңа түрі
Шіл 10, 2020 10:20UVMask деп атанған коронавирусқа қарсы жаңа масқалар автоматтты түрде зарарсыздандырылып, қайта қолдануға мүмкін болады. Бұл маскалар UV сәулелерімен вирусты зарарсыздандырады.
-
Daily Mail: АҚШ тарихындағы ең үлкен наразылықтар
Шіл 10, 2020 10:09Daily Mail-дің мәліметінше, «Қара нәсілділердің өмірі маңызды» деп аталған наразылықтар АҚШ тарихындағы ең үлкен наразылықтар болып, оның 4700-ден астам акциясына 26 миллион халық қатысты. Бұл статистика соңғы төрт сауалнаманың нәтижесінен алынды. Олар бұл наразылықтарға 15-26 миллион халықтың қатысқанын көрсетті.
-
БҰҰ Бас хатшысы Ливиядағы шетелдік араласудың артуына алаңдаушылық білдірді
Шіл 09, 2020 15:46Ливиядағы азаматтық соғыс Халифа Хафтар басқарған Ливия ұлттық армиясының 2019 жылдың сәуір айынан Триполиді басып алу және ұлттық Вафақ үкіметін құлату мақсатымен жасалған шабуылдары және бұл соғыстың екі жағының жақтастарына шетелдік араласу жасалуымен алаңдаушылық тудырды. Мәселеге реакция білдіріп, БҰҰ бұл елдегі шетелдік араласуды тоқтатуды талап етті.