Арақчи: Аймақтық елдер қауіпсіздікті күшейту үшін қосымша күш салуы керек
ParsТoday - Иран Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясының Қорғаныс министрімен кездесуінде аймақ елдері сионистік режимнің экспансионизмі мен үстемдігінің нәтижесінде туындайтын өте қауіпті салдарларды ескере отырып, аймақтық деңгейде ішкі қауіпсіздік тетіктерін күшейту үшін қосымша талпыныс жасауы керектігін баса айтты.
Pars Today ақпарат агенттігінің IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Джиддада Сауд Арабиясының Қорғаныс министрі Халид бен Салманмен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастар, аймақтық оқиғалар және Израиль режимінің Иранға қарсы соғысы мәселелерін талқылады.
Иран Сыртқы істер министрі Иран мен Сауд Арабиясының қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы жемісті кеңесулерінің жалғасуына ризашылығын білдіріп, Халид бен Салманның аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту жолындағы екі елдің ынтымақтастығын ілгерілетудегі жуырдағы Теһранға сапарын өте маңызды және тиімді деп бағалады.
Сауд Арабиясының Қорғаныс министрі де Эр-Риядтың сионистік режимнің Иранға қарсы әскери агрессиясын жоққа шығару және айыптаудағы ұстанымына тоқталып, осы басқыншылық шабуылдар кезінде бірқатар ирандық әскери қайраткерлер мен адамдардың шәһид болуына көңіл айтты.