Пезешкиан: Иран қарулы күштерінің мүмкіндіктері сионистік дұшпанды жеңді
ParsToday - Иран Ислам Республикасының Президенті жексенбі күні: «Егер сионистік режимнің ұлылығын талқандаған қарулы күштердің мүмкіндіктері мен зымырандарымен қатар, халық бірлігі мен ынтымағымен жұмыс істеп, еңбек етпесе, табыс пен жеңіске жету мүмкін болмас еді»,- деді.
Масуд Пезешкиан: «ИИР-ның билігі мен үкімет күштері халықтың басқа топтарымен бірге дұрыс түсіністікпен және дер кезіндегі қырағылықпен дұшпанның Иранда бейберекет тудыру жобасын бұзды»,- деді.
Сөзінің жалғасында Иран Президенті: «Дипломатия жолын ілгерілету арқылы соғыс пен қақтығыстардың қайталануының алдын алуға тырысамыз, өйткені соғыс ешкімнің мүддесі емес және ешқашан жеңімпаз болмайды»,- деп мәлімдеді. Ол: «Біз үкіметтің ұраны мен ұстанымына негізделген, көршілермен және әлемнің басқа елдерімен ішкі бірлік пен достықпен бейбітшілік, тыныштық және тұрақтылық жолын ілгерілетуге талпынамыз, біз ешқашан күш көрсетпедік және көрсетпейміз, сондай-ақ күшке де, қорқытуға да бағынбаймыз», - деді.