Иран мен Мысыр Сыртқы істер министрлері кездесті
Қыр 23, 2025 15:38 Asia/Almaty
ParsToday - БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші отырысына қатысу үшін дипломатиялық делегацияның басында Нью-Йоркке барған ИИР Сыртқы істер министрі осы отырыс аясында Мысыр Сыртқы істер министрімен кездесіп, пікір алммасты.
Сейед Аббас Арақчи мен Бадр Абдул-Ати кездесуде екіжақты қарым-қатынас пен ынтымақтастықты талқылады. Аймақтық және халықаралық оқиғалар, соның ішінде басып алынған Палестинадағы жағдай және палестиналықтардың қырғынын тоқтату және сионистік режимнің қайраткерлерін соттап, жазалау үшін жаһандық әрекет ету қажеттілігі Иран мен Мысыр дипломатиялық қызмет басшыларының пікірталас тақырыптарының бірі болды.
Тегтер