Гутерриш: Ең ірі аймақтық ұйым ретінде ШЫҰ-ның бейбітшілік орнатуға құдіреті бар
(last modified Fri, 05 Jul 2024 12:04:59 GMT )
Шіл 05, 2024 18:04 Asia/Almaty
  • Гутерриш: Ең ірі аймақтық ұйым ретінде ШЫҰ-ның бейбітшілік орнатуға құдіреті бар

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) ең ірі аймақтық ұйым ретінде әлем бейбітшілігін орнатуда тиімді рөл атқара алатынын айтты.

Иран студенттік ақпарат агенттігінің (ISNA) хабарлауынша, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бейсенбі күні Қазақстанның бас қаласы Астанада өткен ШЫҰ саммитіне қатысты. Ол: "Біріккен Ұлттар Ұйымы терроризмге қарсы күресте Шанхай ынтымақтастық ұйымымен ынтымақтасуға дайын",- деді.

Гутерриш жаһандық сын-қатерлерді тек үкіметаралық деңгейде қарастыруға болмайтынын атап өтіп: "Қазір көпжақтылыққа берілгендікті дәлелдейтін уақыт. Біріккен Ұлттар Ұйымы оның орталығында және көпжақты әлемдік жүйенің мақсаты тұрақты даму және адам құқықтарының кепілі үшін қажетті бейбітшілік болуы керек",- деп айтты.

Астана отырысының қорытынды мәлімдемесіне  сәйкес, ШЫҰ-на мүше елдер терроризм мен экстремизм үшін қолайлы жағдайларды жою шараларын қабылдауға дайын.

Бұл мәлімдемеде: "Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер терроризм мен экстремизмге қарсы кешенді шараларды қабылдауға, соның ішінде терроризмді қаржыландыруға, лаңкестерді жалдау және трансшекаралық жылжыту әрекеттеріне табанды түрде қарсы тұруды жалғастыруға дайын.  Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер радикалды және ксенофобиялық идеологиялардың, агрессивті ұлтшылдықтың, сондай-ақ этникалық және нәсілдік кемсітушіліктің таралуына жол бермеу үшін бірлескен күш-жігерді нығайтуды жалғастырады",- деп айтылды.

ШЫҰ-на мүше елдердің басшылары сондай-ақ тез арада, толық және тұрақты атысты тоқтатуға, гуманитарлық көмекке қол жеткізуге, сондай-ақ аймақтық бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қалпына келтіру бойынша күш-жігерді белсендіру баса назар аударып: "Батыс Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің жалғыз мүмкін жолы – Палестина мәселесін жан-жақты және әділ шешу",- деп жариялады.

ШЫҰ басшыларының екі күндік Астана саммиті сәрсенбі және бейсенбі күндері (3 және 4 шілде) Ресей, Әзірбайжан, Беларусь, Үндістан, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан, Катар, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, БАӘ, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан мемлекеттерінің басшыларының қатысуымен өтті.

 

Тегтер