Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Шығыс елдерінің дамуының прагматикалық тәжірибесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
https://parstoday.ir/kz/news/event-i79316-Әл_Фараби_атындағы_Қазақ_ұлттық_университетінде_Шығыс_елдерінің_дамуының_прагматикалық_тәжірибесі_атты_халықаралық_ғылыми_тәжірибелік_конференция_өтті
Бұл шара шығыстанушы, профессор Алдабек Нұржамал Әбдіразаққызының 70 жылдығына және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналды.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Жел 06, 2024 17:08 Asia/Almaty
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Шығыс елдерінің дамуының прагматикалық тәжірибесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Бұл шара шығыстанушы, профессор Алдабек Нұржамал Әбдіразаққызының 70 жылдығына және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналды.

Бұл шара шығыстанушы, профессор Алдабек Нұржамал Әбдіразаққызының 70 жылдығына және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналды. Конференцияның негізгі сәттерінің бірі профессор Алдабек Нұржамал Әбдіразаққызының жаңа кітаптары: «Ғибратты ғұмыр», «Тарихы талқыға толы Шыңжаң» және «Қытай тарихының» таныстырылымы болды. Бұл еңбектер – Шығыс елдерінің тарихы, мәдениеті мен экономикасына арналған көпжылдық зерттеулердің нәтижесі. Іс-шараның ауқымдылығын және халықаралық аудиторияны кеңінен тарту қажеттілігін ескере отырып, конференция аралас форматта өтті.

 

Бұл офлайн қатысушылар мен шараға жеке қатыса алмағандарды біріктіруге мүмкіндік берді. ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Әділет Тойбаев ғалым Нұржамал Әбдіразаққызының білім мен ғылымдағы бүгінге күнге дейінгі өмір жолына тоқталып, ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтау хатын оқыды. Шараға ғалымдар, мемлекет қайраткерлері, Қазақстанның түрлі елдердегі және халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілдері мен елшілері, халықаралық ұйымдардың өкілдері жиналды. Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы жанындағы Мәдени Өкілдігінің басшысы Хосейн Ағазаде мырза да қатысып, мерейтой иесін құттықтап, арнайы сыйлығын тапсырды.

Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы жанындағы Мәдени Өкілдігінің басшысы Хосейн Ағазаде

 

Дайындаған: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультетінің аға оқытушысы Айман Жұбатқанқызы Боранбаева