Рухани: Қауіпсіздік пен тыныштық - Сот билігінің айбыны мен еңбегінің жемісі
ИИР президенті Иран халқының қазіргі қауіпсіздігі мен тыныштығын Сот билігінің айбыны мен еңбегінің жемісі деп бағалады.
ИИР президенті Хасан Рухани бүгін, сейсенбі күні Сот билігі апталығын атап өту рәсімінде осы органның іс-әрекетінің жариялылығы мен дер кезінде халыққа ақпарат таратуын қуаттап: «Ешбір елде халық егер бейтарап және дау-жанжалды шешуде және қылмыскерлермен күресіп, қоғамда әділет орнатуда білікті Сот билігінің панасында болмаса қауіпсіздік сақталмайды. Экономикалық қауіпсіздік те Сот билігіне сенім артудың нәтижесі. Егер Иранға шетелдік инвестициялар салынса, ол Иран ислам республикасындағы түзу және әділ Сот билігіне сенім артудың жемісі» деді.
Иранның Атқарушы билігінің төрағасы сондай- ақ Иран Сот билігінің бұрынғы төрағасы шәһид аятолла Мұхаммад Хосейн Бехештиді еске алып: «Шәһид аятолла Бехешти рухани қайраткерлер тарихындағы теңдессіз тұлға және ислам революциясы жеңісінен кейін жаңа Сот билігінің негізін қалаушы болып табылады» деді.