Давудоғло: Анкарадағы жарылысты ұйымдастырушы анықталды
(last modified Thu, 18 Feb 2016 16:06:40 GMT )
Ақп 18, 2016 22:06 Asia/Almaty
  • Давудоғло: Анкарадағы жарылысты ұйымдастырушы анықталды

Түркияның үкімет басшысы ақпарат отырысында Анкарадағы жарылысты ұйымдастырушыны Сирия азаматы деп атады.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ахмад Давудоғлу бейсенбі күні Анкарадағы ақпарат отырысында осы ел армиясының штаб басшысымен кездесуден кейін Сириядағы халықты қорғаушы күрд бөлімшелерін Анкарадағы жарылыста Күрдістан жұмысшы партиясымен ынтымақтастық жасады деп айыптап: «Анкарадағы жарылысты ұйымдастырушы анықталды.

Анкарадағы жарылыстан кейін 9 адам құрықталды. Қарулы күштер лаңкестікке тосқауыл қоюда кідірмейді» деп, барлық саяси топтарды үкіметке қолдау көрсетуге шақырды.

Ахмад Давудоғлу сөзінің жалғасында «Түркияның төңірегінде 7 ел үлкен қиыншылықтар мен дағдарысқа тап болып отыр, сондай-ақ кейбір үкіметтер өз жерінің бір бөлігіне ғана үстемдік етіп отыр, осы мәселелердің барлығы аймаққа ықпалын тигізеді» деген уәж айтып: «ПКК лаңкестік тобы енді Анкарадағы жарылыстан кейін тыныштық көрмейтін болады. Біз осы лаңкестік топтың бекіністеріне әскери және қауіпсіздік шабуылдарын күшейтеміз» деді.

Түркия астанасы Анкара қаласының орталығында армия қолбасшылығы штабының ғимараты маңында бомба орнатылған автокөлікте болған қуатты жарылыстан 28 адам қаза тауып, 61 кісі жараланды.

Тегтер