Рухани: Иран келіссөздерде өзінің саяси құдыретін көрсетті
ИИР Президенті Иранның ядролық мәселеге қатысты келіссөздерде өзінің заңды құқықтарына жетіп, саяси құдыретін көрсеткенін қуаттады3,.
Иран Президенті Хасан Рухани облыстық сапарының жалғасында жексенбі күні Кохгилуйе мен Бойерахмед облысының дамуы мен инвестициясына арналған отырыста: «Осы кезде сионистік режим мен басқа санаулы бірнеше мемлекеттен басқа әлемнің барлық елдері Иранды алпауыт ел деп санайды. Иранның маңызды экономикалық мәселелерге қатысты іс-қимылдары мен қазіргі халықаралық жағдайдағы көршілес елдер арасындағы қарым-қатынастары сындарлы деңгейге жетті. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттермен үшжақты қарым-қатынас орнатты. Бұл іс-қимылдар мен қарым-қатынастар Иранның аймақта маңызды рөлге ие болғаны көрсетеді. Сондықтан мұндай жағдайды пайдалану қажет»,- деді.
Иран Президенті халықаралық жағдай мен шекаралас елдер арасындағы қарым-қатынастарды Иранның дамуы үшін қолайлы деп бағалап: «Иран өткен бірнеше жылда екіжақты қарым-қатынастармен қатар Ауғанстан, Үндістан, Түркменстан, Әзірбайжан және Ресеймен үшжақты қарым-қатынас орнатты»,- деп мәлімдеді.