Ваези Дүниежүзілік пошта конгресінде Иран поштасының болашақта электронды саудаға көшетінін қуаттады
ИИР-ның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Иран поштасының болашақтағы электронды саудадағы орны туралы айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР-ның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Махмуд Ваези дүйсенбі күні Түркияның Стамбұл қаласында Дүниежүзілік пошта одағының 26-шы конгресінде: «Иран пошта жүйесін жарқын болашақпен қамтамасыз етуге міндетті. Онда электронды сауда айрықша әрі үздік орынға ие. Иран осы мақсатты орындауға бар күшін салады.
Иран 2500 жыл бұрын пошта жүйесінің қалыптасқан жері болғанын мақтан етеді. Бұл пошта «чапархана» деп аталатын бекеттердің тізбегі негізінде ұзақ қашықтыққа жылдам қызмет көрсету үшін құрылған. Ирандағы пошта жүйесі елдің ең алыс жерлерін де қамтитын ауқымды пошта бөлімшелерінен тұрады. ИИР қазір мүліктердің адресін стандарттау жүйесін (GNAF) жүзеге асырып жатыр»,-деп мәлімдеді.