Қаз 11, 2016 16:29 Asia/Almaty
  • Рухани: Иранның мақсаты - Шығыс Азияның нарығына қол жеткізу

ИИР президенті Иранның мақсатын Шығыс Азия нарығына қол жеткізу және қарсыласу экономикасы негіздері бойынша экспортты дамыту деп атады.

Президент әкімшілігінің ақпарат тарату торабының хабарлауынша, Иран президенті Хасан Рухани кеше дүйсенбі күні Вьетнам, Малайзия және Таиландқа алты күндік сапардан оралған соң тілшілерге берген сұхбатта: «Шығыс Азияға сапар экономиканы гүлдендіру, экспортты дамыту және аймақтық, сонымен қатар әлемдік нарыққа қол жеткізу үшін «Ортақ қадам» келісімінен кейінгі кеңістік пен мұрсатты пайдалану негізінде іске асты.  

Шығыс Азия елдері өсу үстіндегі экономикалар ретінде ауқымды мүмкіндіктерімен қарсыласу экономикасы негізінде Иран экономикасының өсуі үшін жақсы мақсат бола алады» деді.

Иранның Атқарушы билігінің төрағасы Таиландтағы Азия Ынтымақтастықтар Ассамблеясы басшыларының саммитіне қатысу жөнінде де: «Таиландтағы Азия Ынтымақтастықтар Ассамблеясы басшыларының саммитінде де жақсы мәселелер талқыланды. Иран Азия елдерінің бірлігін қарсыласу экономикасы кеңістігінде қолдана алады» деді.

Хасан Рухани сондай- ақ бір сауалға берген жауапта Йемендегі өкінішті жағдай мен осы елдің жәбірленген бейкүнә халқының харам айда өлтірілуіне сілтеме жасап мохаррам айы мен имам Хосейн (ғ) және Ашура мәдениетінің берекесін ислам әлемі мен Азия құрлығының тұрақтылығы үшін пайдалануға үміт білдірді.

 

 

Тегтер